Жаңалықтар

28-наурыз

Әзірбайжан ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні. Саксон фарфоры күні. 1997 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен арнайы қызмет және қауіпсіздік органдары іс-қимылдарын үйлестіру және өзара әрекеттесу мақсатында   ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арнайы қызмет және қауіпсіздік органдары басшыларының кеңесі құрылды. Аталмыш кеңеске Әзербайжан, Армения, Беларус, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, Ресей, Тәжікстан және Украина мемлекеттерінің арнайы қызмет басшылары мүше. Кеңес жұмысына бақылаушы ретінде Түрікменстан мен Өзбекстанның өкілдері қатысады. 2007жылы Петропавлда «Мағжан» әдеби-көркем журналының бірінші саны жарық көрді. Аталмыш бұқаралық басылымда ақынның түрлі жанрдағы қазақ және орыс тіліндегі туындылары жарияланған. Жаңа басылымның басты мақсаты - қазақ поэзиясының дамуына қомақты үлес қосқан, азаматтық пен отансүйгіштіктің үздік қасиеттерін көрсете білген қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын көпшілікке паш ету. Журналдың алғашқы нөмірінде Мағжанның туындылары, ақынға арналған өлеңдер мен эсселер жария етілген. 2009 жылы Алматыда «Абылайхан» жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа кәсiби спорт клубы бокс жаттығуларына, таэквондо және шығыс жекпе-жектерiне, каратэ, кунг-фу, дзюдо, айкидо, күрес, самбоға арналған, әйелдер және балаларға арналған, фитнес, йога жаттығуларын жүргiзуге, пилатес, шығыс билері, бала гимнастикасы, аэробика бағдарламаларына арналған залдардан тұрады. 1868 жылы орыс жазушысы, драматург Максим Горкий (шын аты-жөні Пешков Алексей Максимович) дүниеге келді. Ресейде туған. Ол өз бетінше оқып білім алған. 1888-1889 және 1891-1892 жылдары Ресейді жаяу аралап халық тұрмысымен жақын танысқан. 1892 жылы «Макар Чудра» атты алғашқы әңгімесін жариялаған. «Очерктер мен әңгімелер» деп аталатын тұңғыш шығармалар жинағы 1899 жылы жарық көрген. «Изергиль кемпір», «Сұңқар туралы жыр», «Дауылпаз туралы жыр» атты романтикалық сарындағы шығармалары оның суреткерлік қарымын танытты. Оның қаламынан туған «Ана», «Артамоновтар ісі», «Клим Самгиннің өмірі» романдары, «Менің университеттерім» повесі, «Егор Булычев және басқалар», «Васса Железнова» пьесалары және басқа да шығармалары дүниежүзіне кең тараған. Ол «Әлем әдебиеті» баспасын ұйымдастыруға, Кеңес одағы жазушыларының 1-ші съезін өткізуге, ұлттық әдеби мұраларды жинауға, ұлт зиялыларына қамқорлық жасауға ұйытқы болды.   
21.08.2013 08:05 3148

Әзірбайжан ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні.

Саксон фарфоры күні.

1997 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен арнайы қызмет және қауіпсіздік органдары іс-қимылдарын үйлестіру және өзара әрекеттесу мақсатында   ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арнайы қызмет және қауіпсіздік органдары басшыларының кеңесі құрылды. Аталмыш кеңеске Әзербайжан, Армения, Беларус, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, Ресей, Тәжікстан және Украина мемлекеттерінің арнайы қызмет басшылары мүше. Кеңес жұмысына бақылаушы ретінде Түрікменстан мен Өзбекстанның өкілдері қатысады.

2007жылы Петропавлда «Мағжан» әдеби-көркем журналының бірінші саны жарық көрді. Аталмыш бұқаралық басылымда ақынның түрлі жанрдағы қазақ және орыс тіліндегі туындылары жарияланған. Жаңа басылымның басты мақсаты - қазақ поэзиясының дамуына қомақты үлес қосқан, азаматтық пен отансүйгіштіктің үздік қасиеттерін көрсете білген қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын көпшілікке паш ету. Журналдың алғашқы нөмірінде Мағжанның туындылары, ақынға арналған өлеңдер мен эсселер жария етілген.

2009 жылы Алматыда «Абылайхан» жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Жаңа кәсiби спорт клубы бокс жаттығуларына, таэквондо және шығыс жекпе-жектерiне, каратэ, кунг-фу, дзюдо, айкидо, күрес, самбоға арналған, әйелдер және балаларға арналған, фитнес, йога жаттығуларын жүргiзуге, пилатес, шығыс билері, бала гимнастикасы, аэробика бағдарламаларына арналған залдардан тұрады.

1868 жылы орыс жазушысы, драматург Максим Горкий (шын аты-жөні Пешков Алексей Максимович) дүниеге келді.

Ресейде туған. Ол өз бетінше оқып білім алған. 1888-1889 және 1891-1892 жылдары Ресейді жаяу аралап халық тұрмысымен жақын танысқан. 1892 жылы «Макар Чудра» атты алғашқы әңгімесін жариялаған. «Очерктер мен әңгімелер» деп аталатын тұңғыш шығармалар жинағы 1899 жылы жарық көрген. «Изергиль кемпір», «Сұңқар туралы жыр», «Дауылпаз туралы жыр» атты романтикалық сарындағы шығармалары оның суреткерлік қарымын танытты. Оның қаламынан туған «Ана», «Артамоновтар ісі», «Клим Самгиннің өмірі» романдары, «Менің университеттерім» повесі, «Егор Булычев және басқалар», «Васса Железнова» пьесалары және басқа да шығармалары дүниежүзіне кең тараған. Ол «Әлем әдебиеті» баспасын ұйымдастыруға, Кеңес одағы жазушыларының 1-ші съезін өткізуге, ұлттық әдеби мұраларды жинауға, ұлт зиялыларына қамқорлық жасауға ұйытқы болды.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға