Жаңалықтар

21-наурыз

Грекия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Грекия Республикасы Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы - Афины қаласы. Ресми тілі - грек тілі. Ақша бірлігі - драхма. Халқының көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - бір палаталы парламент. 1975 жылғы маусымның 11-де қабылданған ел Конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады. Қазақстан Республикасы мен Грекия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қазанның 1-де орнатылды. Халықаралық құлдық құрбандарын және трансатлантикалық құл саудасын еске алу күні. Құлдықта және құлдықтан азат ету үшін күресте қаза болғандарды құрметпен еске алу мақсатында - БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылғы қарашада 2007 жылғы наурыздың 25-інде трансатлантикалық құл саудасын жоюдың 200 жылдығын мерекелеудің Халықаралық күні ретінде атап өтуге қаулы қабылдады. 2007 жылдың соңында БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдап, мемлекеттерді жыл сайын наурыздың 25-ін Халықаралық құлдық құрбандарын және трансатлантикалық құл саудасын еске алу күні тұрғысында атап өтуге шақырды. Намибия мемлекетінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1990). Намибия - Африканың оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ангола, Замбиямен, шығысында Ботсвана, Оңтүстік Африкамен, оңтүстігінде Оңтүстік Африкамен шектеседі. Астанасы - Виндхук қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын, неміс тілдері. Ақша бірлігі - намибия доллары. Көктемгі күн мен түннің теңесу күні. Түрлі табиғи құбылыстар мен үдерістерге байланысты жыл сайын қайталанып отыратын астрономиялық және географиялық дәлдік күні. Бірнеше елде бұл күнді, яғни «Наурыз» мерекесін жаңа жыл ретінде атап өтеді. Қазақстан  бұл мерекені наурыздың 22-і күні тойлайды. Нәсілдік кемсітушілікті жою жолындағы күрестің халықаралық күні. 1960 жылы наурыздың 21-де нәсілшілдік құрбандарын еске алу мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966 жылғы қазанның 26-ындағы XXI сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі. Осыдан 46 жыл бұрын (1960) Оңтүстік Американың Шарпевил қаласы полицейлері бейбіт шеруге шыққан тұрғындарға оқ атып, 69 адам қаза тапқан болатын. Дүниежүзілік поэзия күні. ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 30-шы сессиясының шешімі бойынша наурыздың 21-і - Дүниежүзілік поэзия күні болып жарияланды. Бірінші Дүниежүзілік поэзия күні ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде өтті.  Дүниежүзілік ұйқы күні. Бұл атаулы күн 2002 жылдан бастап, Еуропада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйымдастыруымен ұйқы және денсаулық проблемалары жөніндегі бүкіләлемдік жоба шеңберінде өтеді.  Ағаш күні (Италия). Бұл мереке жаңару, адамзаттың табиғатпен байланысының белгісі ретінде атап өтіледі. 19 ғасырдың аяғынан бастап, наурыздың 21-де әрбір мектеп оқушысы есік алдына, ең болмағанда, бір ағаш отырғызуы тиіс деген қағида дәстүрге айналды. Наурыз мейрамы. «Наурыз» сөзі парсының «ноу» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Қазақстан Наурызды мемлекеттік мереке ретінде 1999 жылдан бастап атап өтіп келді. 2008 жылдың 25 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, 2009 жылдан бастап 3 күн бойы атап өтіледі. Қазіргі кездегі Наурыз көне дәуірдегі дәстүрлер сабақтастығын сақтап қалған - ұлттық мәдениетті қалпына келтіруде бұл «уақыт байланысының», Қазақстан тарихы мен қазіргі кезеңінің аса маңызды жалғастырушы буыны. Қазақстанда Наурыз мейрамы - Мемлекеттік мейрам. Көктемгі күн мен түннің теңесу күні. Жер күні. 1971 жылғы наурыздың 21-інде БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімінде жарияланған. Қазір ол дүниежүзінің 167 мемлекеттінде атап өтіледі. Дүниежүзілік Жер күні тағы да сәуірдің 22-інде атап өтіледі. 1990 жылы алғашқы рет халықаралық мейрам ретінде атап өтілді. Қоршаған ортаны қорғау туралы жаһандық мәселелердің ұзақ мерзімді шешімінің бастамасы. АҚШ-тың бастамасымен өтеді, онда ол 1970 жылдан бастап дәстүрлі түрде атап өтіледі. Халықаралық қуыршақшы күні. 2003 жылғы наурыздың 21-нен бастап Халықаралық қуыршақшы күні дәстүрлі түрде аталып өтеді. Халықаралық қуыршақшы күнін дүниежүзінде тойлау идеясы қуыршақшы театрының танымал қайраткері Дживада Золфагариходаға (Иран) тиесілі. 2000 жылы Магдебургтағы УНИМА-ның XVIII-ші Конгрессінде осы ұсынысты талқылауға берді.
21.08.2013 08:01 4177

Грекия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Грекия Республикасы Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы - Афины қаласы. Ресми тілі - грек тілі. Ақша бірлігі - драхма. Халқының көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - бір палаталы парламент. 1975 жылғы маусымның 11-де қабылданған ел Конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады.

Қазақстан Республикасы мен Грекия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қазанның 1-де орнатылды.

Халықаралық құлдық құрбандарын және трансатлантикалық құл саудасын еске алу күні. Құлдықта және құлдықтан азат ету үшін күресте қаза болғандарды құрметпен еске алу мақсатында - БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылғы қарашада 2007 жылғы наурыздың 25-інде трансатлантикалық құл саудасын жоюдың 200 жылдығын мерекелеудің Халықаралық күні ретінде атап өтуге қаулы қабылдады. 2007 жылдың соңында БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдап, мемлекеттерді жыл сайын наурыздың 25-ін Халықаралық құлдық құрбандарын және трансатлантикалық құл саудасын еске алу күні тұрғысында атап өтуге шақырды.

Намибия мемлекетінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1990). Намибия - Африканың оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ангола, Замбиямен, шығысында Ботсвана, Оңтүстік Африкамен, оңтүстігінде Оңтүстік Африкамен шектеседі. Астанасы - Виндхук қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын, неміс тілдері. Ақша бірлігі - намибия доллары.

Көктемгі күн мен түннің теңесу күні. Түрлі табиғи құбылыстар мен үдерістерге байланысты жыл сайын қайталанып отыратын астрономиялық және географиялық дәлдік күні. Бірнеше елде бұл күнді, яғни «Наурыз» мерекесін жаңа жыл ретінде атап өтеді. Қазақстан  бұл мерекені наурыздың 22-і күні тойлайды.

Нәсілдік кемсітушілікті жою жолындағы күрестің халықаралық күні. 1960 жылы наурыздың 21-де нәсілшілдік құрбандарын еске алу мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966 жылғы қазанның 26-ындағы XXI сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі. Осыдан 46 жыл бұрын (1960) Оңтүстік Американың Шарпевил қаласы полицейлері бейбіт шеруге шыққан тұрғындарға оқ атып, 69 адам қаза тапқан болатын.

Дүниежүзілік поэзия күні. ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 30-шы сессиясының шешімі бойынша наурыздың 21-і - Дүниежүзілік поэзия күні болып жарияланды. Бірінші Дүниежүзілік поэзия күні ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде өтті.

 Дүниежүзілік ұйқы күні. Бұл атаулы күн 2002 жылдан бастап, Еуропада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйымдастыруымен ұйқы және денсаулық проблемалары жөніндегі бүкіләлемдік жоба шеңберінде өтеді.

 Ағаш күні (Италия). Бұл мереке жаңару, адамзаттың табиғатпен байланысының белгісі ретінде атап өтіледі. 19 ғасырдың аяғынан бастап, наурыздың 21-де әрбір мектеп оқушысы есік алдына, ең болмағанда, бір ағаш отырғызуы тиіс деген қағида дәстүрге айналды.

Наурыз мейрамы. «Наурыз» сөзі парсының «ноу» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген.

Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Қазақстан Наурызды мемлекеттік мереке ретінде 1999 жылдан бастап атап өтіп келді. 2008 жылдың 25 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, 2009 жылдан бастап 3 күн бойы атап өтіледі.

Қазіргі кездегі Наурыз көне дәуірдегі дәстүрлер сабақтастығын сақтап қалған - ұлттық мәдениетті қалпына келтіруде бұл «уақыт байланысының», Қазақстан тарихы мен қазіргі кезеңінің аса маңызды жалғастырушы буыны.

Қазақстанда Наурыз мейрамы - Мемлекеттік мейрам.

Көктемгі күн мен түннің теңесу күні. Жер күні. 1971 жылғы наурыздың 21-інде БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімінде жарияланған. Қазір ол дүниежүзінің 167 мемлекеттінде атап өтіледі. Дүниежүзілік Жер күні тағы да сәуірдің 22-інде атап өтіледі.

1990 жылы алғашқы рет халықаралық мейрам ретінде атап өтілді. Қоршаған ортаны қорғау туралы жаһандық мәселелердің ұзақ мерзімді шешімінің бастамасы. АҚШ-тың бастамасымен өтеді, онда ол 1970 жылдан бастап дәстүрлі түрде атап өтіледі.

Халықаралық қуыршақшы күні. 2003 жылғы наурыздың 21-нен бастап Халықаралық қуыршақшы күні дәстүрлі түрде аталып өтеді. Халықаралық қуыршақшы күнін дүниежүзінде тойлау идеясы қуыршақшы театрының танымал қайраткері Дживада Золфагариходаға (Иран) тиесілі. 2000 жылы Магдебургтағы УНИМА-ның XVIII-ші Конгрессінде осы ұсынысты талқылауға берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға