Жаңалықтар

11-наурыз

Литва Республикасының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы қаңтардың 1-13-і аралығында Вильнюсте қайғылы оқиға болды. Кеңес әскерлері телеорталық ғимаратын басып алды. Осы қақтығыстан кейін Литва наурыздың 11-інде 1918 жылы жарияланған тәуелсіздігін қайта қалпына келтірді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Литва Республикасын тәуелсіз деп жариялады. Қазақстан Республикасы мен Литва Республика арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-інде орнатылды. Сол уақыттан бері екі ел арасында достық қарым-қатынас орнатылып келеді. Холи - бояулар мерекесі. Индияның әсерлі мерекелерінің бірі, бенгал жаңа жылы. Ақпан және наурыз айына келетін, Пхалгун айы толған күнінде атап өтеді. 1963 жылы композитор, әнші, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «Үкілі үміт» республикалық композиторлар байқауының лауреаты  Қайрат Жүнісов дүниеге келді. Ол Жамбыл облысында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын, Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтын бітірген. Композитордың халық арасына кеңінен таралған «Қарындасыма», «Қыз - қызғалдақ», «Ықыластың қобызы», «Алматының түндері-ай» атты әндері бар. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясы және Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі - Ғылым министрлігі - Қазақстанның Ғылым академиясы орталық атқарушы органның құрамында біріктірілді. 2003 жылдың қазанынан бастап академия президенті Мұрат Жұрынұлы Жұрынов қызмет атқарып келеді. 1893 жылы  ғалым, қазақ тілі әдіснамасының негізін салушылардың бірі, доцент, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Шамғали Сарыбаев дүниеге келді. Ол Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туған. Орынбордағы «Хусаиния» медресесін бітіріп, 1916 жылдан Түркістан маңындағы ауылдарда мұғалім, 1918 жылдан Шымкентте уездік оқу-ағарту басқармасының бастығы болған. Шымкент қаласында тұңғыш рет педагогикалық курс ашып, қазақ тілінен сабақ берген. 1921-1923 жылдары Алматыда казақ педагогикалық техникумын ұйымдастырған. 1923-1954 жылдары Ташкенттегі Орта Азия коммунистік университетінде, Алматыдағы Қазақ журналистика институтында, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ мемлекеттік университетінде дәріс оқыған. Қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі, педагогика туралы 100-ге тарта ғылыми мақаласы, сондай-ақ он шақты монографиясы жарық көрген. Көп жылдар бойы қазақ, қарақалпақ ауыз әдебиеті материалдарын жинаған. Жамбыл туралы алғаш рет мақала жазған.
21.08.2013 07:45 3056

Литва Республикасының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы қаңтардың 1-13-і аралығында Вильнюсте қайғылы оқиға болды. Кеңес әскерлері телеорталық ғимаратын басып алды. Осы қақтығыстан кейін Литва наурыздың 11-інде 1918 жылы жарияланған тәуелсіздігін қайта қалпына келтірді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Литва Республикасын тәуелсіз деп жариялады.

Қазақстан Республикасы мен Литва Республика арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-інде орнатылды. Сол уақыттан бері екі ел арасында достық қарым-қатынас орнатылып келеді.

Холи - бояулар мерекесі. Индияның әсерлі мерекелерінің бірі, бенгал жаңа жылы. Ақпан және наурыз айына келетін, Пхалгун айы толған күнінде атап өтеді.

1963 жылы композитор, әнші, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «Үкілі үміт» республикалық композиторлар байқауының лауреаты  Қайрат Жүнісов дүниеге келді. Ол Жамбыл облысында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын, Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтын бітірген. Композитордың халық арасына кеңінен таралған «Қарындасыма», «Қыз - қызғалдақ», «Ықыластың қобызы», «Алматының түндері-ай» атты әндері бар.

1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясы және Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі - Ғылым министрлігі - Қазақстанның Ғылым академиясы орталық атқарушы органның құрамында біріктірілді.

2003 жылдың қазанынан бастап академия президенті Мұрат Жұрынұлы Жұрынов қызмет атқарып келеді.

1893 жылы  ғалым, қазақ тілі әдіснамасының негізін салушылардың бірі, доцент, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Шамғали Сарыбаев дүниеге келді. Ол Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туған. Орынбордағы «Хусаиния» медресесін бітіріп, 1916 жылдан Түркістан маңындағы ауылдарда мұғалім, 1918 жылдан Шымкентте уездік оқу-ағарту басқармасының бастығы болған. Шымкент қаласында тұңғыш рет педагогикалық курс ашып, қазақ тілінен сабақ берген. 1921-1923 жылдары Алматыда казақ педагогикалық техникумын ұйымдастырған. 1923-1954 жылдары Ташкенттегі Орта Азия коммунистік университетінде, Алматыдағы Қазақ журналистика институтында, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ мемлекеттік университетінде дәріс оқыған. Қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі, педагогика туралы 100-ге тарта ғылыми мақаласы, сондай-ақ он шақты монографиясы жарық көрген. Көп жылдар бойы қазақ, қарақалпақ ауыз әдебиеті материалдарын жинаған. Жамбыл туралы алғаш рет мақала жазған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға