Жаңалықтар

10-наурыз

1932 жылы Ақтөбе облысы құрылды. Оның құрамына Орынбор, Қостанай, Қызылорда облыстарының бірқатар аудандары кірді. Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Облыс аумағында Қазақстанның көмірсутекті шикізатының (мұнай, газ және газ конденсаты) 10 % барланған қоры және болжамды ресурстарының 30 %, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель - 55 %, титан - 40 %, фосфор - 34 %, мырыш - 4,7 %, мыс - 3,6 %, алюминий - 2 %, көмірдің - 1,4 % жинақталған. Облыс орталығы - Ақтөбе қаласы. 1942 жылы Қазақ академиялық драма театры сахнасында Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы алғаш рет қойылды. Премьера қазақ сахна өнеріндегі биік белес болып бағаланды. Ақан рөлін - Ш.Айманов, Ақтоқты - Ш.Жандарбекова, Науан хазірет - Қ.Бадыров, Жалмұқан - Е.Өмірзақов, Қоңқай - С.Қожамқұлов, Мылқау балуанды - Қ.Қуанышбаев ойнады. Бостандық пен әділет, махаббат пен өнер еркіндігі үшін күресті суреттейтін «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде көрсетілу үшін «Ақын трагедиясы» деген атпен қайта қойылған. Аталмыш пьеса әр жылдары астаналық, облыстық, халық театрларының сахналарында сан мәрте қайталанып қойылып келеді. 1942 жылы Қазақ академиялық драма театры сахнасында Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы алғаш рет қойылды. Премьера қазақ сахна өнеріндегі биік белес болып бағаланды. Ақан рөлін - Ш.Айманов, Ақтоқты - Ш.Жандарбекова, Науан хазірет - Қ.Бадыров, Жалмұқан - Е.Өмірзақов, Қоңқай - С.Қожамқұлов, Мылқау балуанды - Қ.Қуанышбаев ойнады. Бостандық пен әділет, махаббат пен өнер еркіндігі үшін күресті суреттейтін «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде көрсетілу үшін «Ақын трагедиясы» деген атпен қайта қойылған. Аталмыш пьеса әр жылдары астаналық, облыстық, халық театрларының сахналарында сан мәрте қайталанып қойылып келеді. 2010 жылы Астанада «Бүгінгі отаншылдық: жеңістің мерейтойына» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Қазақстанның ақпараттық саясаты институты шығарып отырған оқу-әдістемелік құралын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, профессор Ләйлә Ахметова бастаған шығармашылық топ құрастырған. Кітапта 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты эксклюзивті материалдар, қазіргі күнгі отаншылдық мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары, соғыс барысына қазіргі заманғы көзқарас берілген. Сонымен қатар соғыс жылдары Қазақстанға басшылық жасаған Николай Скворцов пен Жұмабай Шаяхметов туралы материалдар да қоса жарияланып отыр. Алғашқы бөлімде мамырдың 9-ын мерекелеуге орай БАҚ-тарда жарияланған мақалалар топтастырылса, соңғы бөлімде отаншылдық тақырыбын қамтыған мақалдар, қанатты сөздер берілген. Соғыс жылдары 26 миллионнан астам кеңес азаматы қаза тапқан.   Неміс басқыншылары 1710 қала мен қала типтес елді мекенді, 70 мыңнан астам ауылды, 98 мыңнан астам ұжымшарды, 1786 кеңшарды, 6 миллионнан астам ғимаратты  жермен-жексен етіп, 32 мыңнан астам кәсіпорынды қиратқан. Жалпы Кеңес Одағы 30 пайыздан астам ұлттық байлығынан айырылған.
21.08.2013 07:39 3638

1932 жылы Ақтөбе облысы құрылды. Оның құрамына Орынбор, Қостанай, Қызылорда облыстарының бірқатар аудандары кірді. Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Облыс аумағында Қазақстанның көмірсутекті шикізатының (мұнай, газ және газ конденсаты) 10 % барланған қоры және болжамды ресурстарының 30 %, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель - 55 %, титан - 40 %, фосфор - 34 %, мырыш - 4,7 %, мыс - 3,6 %, алюминий - 2 %, көмірдің - 1,4 % жинақталған. Облыс орталығы - Ақтөбе қаласы.

1942 жылы Қазақ академиялық драма театры сахнасында Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы алғаш рет қойылды. Премьера қазақ сахна өнеріндегі биік белес болып бағаланды. Ақан рөлін - Ш.Айманов, Ақтоқты - Ш.Жандарбекова, Науан хазірет - Қ.Бадыров, Жалмұқан - Е.Өмірзақов, Қоңқай - С.Қожамқұлов, Мылқау балуанды - Қ.Қуанышбаев ойнады. Бостандық пен әділет, махаббат пен өнер еркіндігі үшін күресті суреттейтін «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде көрсетілу үшін «Ақын трагедиясы» деген атпен қайта қойылған. Аталмыш пьеса әр жылдары астаналық, облыстық, халық театрларының сахналарында сан мәрте қайталанып қойылып келеді.

1942 жылы Қазақ академиялық драма театры сахнасында Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы алғаш рет қойылды. Премьера қазақ сахна өнеріндегі биік белес болып бағаланды. Ақан рөлін - Ш.Айманов, Ақтоқты - Ш.Жандарбекова, Науан хазірет - Қ.Бадыров, Жалмұқан - Е.Өмірзақов, Қоңқай - С.Қожамқұлов, Мылқау балуанды - Қ.Қуанышбаев ойнады. Бостандық пен әділет, махаббат пен өнер еркіндігі үшін күресті суреттейтін «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде көрсетілу үшін «Ақын трагедиясы» деген атпен қайта қойылған. Аталмыш пьеса әр жылдары астаналық, облыстық, халық театрларының сахналарында сан мәрте қайталанып қойылып келеді.

2010 жылы Астанада «Бүгінгі отаншылдық: жеңістің мерейтойына» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

Қазақстанның ақпараттық саясаты институты шығарып отырған оқу-әдістемелік құралын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, профессор Ләйлә Ахметова бастаған шығармашылық топ құрастырған.

Кітапта 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты эксклюзивті материалдар, қазіргі күнгі отаншылдық мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары, соғыс барысына қазіргі заманғы көзқарас берілген. Сонымен қатар соғыс жылдары Қазақстанға басшылық жасаған Николай Скворцов пен Жұмабай Шаяхметов туралы материалдар да қоса жарияланып отыр. Алғашқы бөлімде мамырдың 9-ын мерекелеуге орай БАҚ-тарда жарияланған мақалалар топтастырылса, соңғы бөлімде отаншылдық тақырыбын қамтыған мақалдар, қанатты сөздер берілген.

Соғыс жылдары 26 миллионнан астам кеңес азаматы қаза тапқан.   Неміс басқыншылары 1710 қала мен қала типтес елді мекенді, 70 мыңнан астам ауылды, 98 мыңнан астам ұжымшарды, 1786 кеңшарды, 6 миллионнан астам ғимаратты  жермен-жексен етіп, 32 мыңнан астам кәсіпорынды қиратқан. Жалпы Кеңес Одағы 30 пайыздан астам ұлттық байлығынан айырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға