9-наурыз
Рәбиуль-Аууаль айының бірінші күні.
6 жыл бұрын (2006) Ресейдің ақпараттық технологиялар бойынша жетекші компанияларының бірі NAUMEN Алматыда NAUMEN KAZAKHSTAN атты бірінші өкілдігін ашты.
Халықаралық ди-джей күні. Халықаралық ди-джей күні - бұл тек ресми мейрам ғана емес, сонымен қатар маңызды қайырымдылық оқиға, ол 2002 жылдан бастап халықаралық клубты өнеркәсіптің атынан өткізіледі. Жыл сайын наурыздың 9-ында Ди-джей күнінің қарсаңында дүниежүзі бойынша балалар үйіне көмек атты қайырымдылық акциясы өтеді.
Ливанда мұғалімдер күні.
2005 жылы Таразда жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты болды. Кешенде тренажер залдары, сонымен бірге шығыс жекпе-жектерiнiң жаттығуларына арналған, фитнес, аэробика және денсаулықты жақсартатын жаттығулар залдары бар. Бұл жерде балалар үйінің және мүмкіндігі шектеулі балалардың жаттығулары өтеді. 8 жыл бұрын (2005) Қостанайда ресейдің танымал көркем суретшісі Александр Разбойниковтың көрмесі өтті. Бұл автордың Қазақстандағы алғашқы көрмесі. Көрмеде суретшінің «Аркаим» және «Древние цивилизации» топтамалар жұмыстары және де оның көркем әдебиет шығармаларының ерекше суреттері көрсетілген.
2012 жылы Түркияда Қазақстанның мәдениеті күндері өтті. Оны Ыстамбұлдағы қазақ-түрік қоры мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырды.
1934 жылы тұңғыш ғарышкер, полковник, Кеңес Одағының Батыры ГАГАРИН Юрий Алексеевич дүниеге келді.
Люберцы қаласындағы қолөнер училищесін, Саратов индустрия техникумын бітірген. 1955-1957 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болып, 1-ші Чкалов әскери-авиациялық ұшқыштар училищесін бітіргеннен кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет атқарды. 1960 жылы ғарышкерлер қатарына алынды. 1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирі болды. 1961 жылы сәуірдің 12-інде адамзат тарихында тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты. Ол жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. Бұдан кейін ол ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді үйрету-жаттықтыру ісіне тікелей араласып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды. 1968 жылы Әскери-әуе инженерлік академиясын бітірді. 1964-1968 жылдары Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасары болды.
«Ленин» орденімен, медальдармен және көптеген шет ел ордендерімен марапатталған. Гагаринге Чехословакияның Социалистік Еңбек Ері, Болгарияның Батыры, Венгрияның Еңбек Ері атақтары берілді. Гагарин ұшақпен ұшу кезінде қаза тапты.