Жаңалықтар

7-наурыз

1948 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, М.Әуезовтың 100 жылдығына, сондай-ақ Қарабура әулиеге арналған ақындар мүшәйраларының бас жүлдегері Жарасқан Әбдіраш дүниеге келді. Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1969-1994 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жалын» альманахында, «Жұлдыз» журналында істеген. Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі бас редакциясының бөлім меңгерушісі, «Тамаша» ойын-сауық театрының бас редакторы қызметтерін атқарған. Ақынның алғашқы жинағы «Тұңғыш кітабы» деген атпен 1969 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта «Перзент парызы», «Дала сенің ұлыңмын», «Ақ қайраң», «Соғыстан соң туғандар», «Досың болғым келеді», т.б. кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында Р.Тагордың, П.Элюардың, Я.Купаланың, К.Чайковскийдің, А.Бартоның шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өзінің шығармалары да неміс, венгр, орыс украин, өзбек, тәжік, әзірбайжан, түркімен, қырғыз, саха тілдеріне аударылған. 1946 жылы  киносценарист, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Сатыбалды Нарымбетов дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын, КСРО Мемлекеттік кино жанындағы (Г.Данелия шеберханасының) сценарист және режиссердің жоғары курстарын бітірген. «Қазақфильм» киностудиясының кино және дебют шығармашылық одағының жетекшісі. Фильмографиясы: «Созақтан шыққан Гамлет» (режиссёр), «Қарасуық» (сценарист), «Жас аккордионистің басынан кешкендері» (режиссёр-сценарист), «Омпа», «Қыз жылаған» (режиссёр, сценарист). «Құрмет» орденімен марапатталған. «Киношок» сыйлығының «Премия за режиссуру» 1994 жылғы номинациясының лауреаты, ТМД және Балтық елдерінің Ашық кино фестивалінің «За реализм и человечность» сыйлығының иегері, Жорж Садуля сыйлығының лауреаты атанды. 5 2 жыл бұрын (1961) Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімі САҒДИЕВ Ербол Болатұлы дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті). 1983-1985 жылдары – Қостанай облыстық ауылшаруашылық тәжірибе стансасының зоотехнигі. 1985-1998 жылдары – зоотехник-селекционер, бас зоотехник, кеңшар директоры, «Конысбай» АҚ төрағасы. 1998-2000 жылдары – «Сельхозводоснабжение» аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы. 2001-2002 жылдары – Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары. 2002-2003 жылдары – Ақмола облысы Зеренді ауданының «Сушы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының директоры. 2003-2006 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ЖШС-ның «Сұңқар» сауықтыру кешенінің директоры, Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2012 жылдың сәуірінен – қазіргі қызметінде.  «Құрмет» орденімен және  медальдармен марапатталған. Мәдениет қайраткері. 2005 жылы Парижде, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде қазақстандық танымал суретші Ерболат Төлепбайдың көрмесі ашылды. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты Өкілі Олжас Сүлейменовтың бастамасымен ұйымдастырылған бұл көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Парижде тіркелген дипломаттар, Францияның танымал саясаткерлері мен өнер қайраткерлері, шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері, өнерсүйер қауым қатысты. Ерболат Төлепбай – Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдiң Императорлық көркем академиясының құрметтi мүшесi, Қырғызстанның Көркем академиясының нақты мүшесi, Масарык атындағы Чех көркем академиясының мүшесi, «Платина Тарланының» иегері.
21.08.2013 07:38 2765

1948 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, М.Әуезовтың 100 жылдығына, сондай-ақ Қарабура әулиеге арналған ақындар мүшәйраларының бас жүлдегері Жарасқан Әбдіраш дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1969-1994 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жалын» альманахында, «Жұлдыз» журналында істеген. Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі бас редакциясының бөлім меңгерушісі, «Тамаша» ойын-сауық театрының бас редакторы қызметтерін атқарған. Ақынның алғашқы жинағы «Тұңғыш кітабы» деген атпен 1969 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта «Перзент парызы», «Дала сенің ұлыңмын», «Ақ қайраң», «Соғыстан соң туғандар», «Досың болғым келеді», т.б. кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында Р.Тагордың, П.Элюардың, Я.Купаланың, К.Чайковскийдің, А.Бартоның шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өзінің шығармалары да неміс, венгр, орыс украин, өзбек, тәжік, әзірбайжан, түркімен, қырғыз, саха тілдеріне аударылған.

1946 жылы  киносценарист, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Сатыбалды Нарымбетов дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын, КСРО Мемлекеттік кино жанындағы (Г.Данелия шеберханасының) сценарист және режиссердің жоғары курстарын бітірген.

«Қазақфильм» киностудиясының кино және дебют шығармашылық одағының жетекшісі.

Фильмографиясы: «Созақтан шыққан Гамлет» (режиссёр), «Қарасуық» (сценарист), «Жас аккордионистің басынан кешкендері» (режиссёр-сценарист), «Омпа», «Қыз жылаған» (режиссёр, сценарист).

«Құрмет» орденімен марапатталған. «Киношок» сыйлығының «Премия за режиссуру» 1994 жылғы номинациясының лауреаты, ТМД және Балтық елдерінің Ашық кино фестивалінің «За реализм и человечность» сыйлығының иегері, Жорж Садуля сыйлығының лауреаты атанды.

5 2 жыл бұрын (1961) Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімі САҒДИЕВ Ербол Болатұлы дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті).

1983-1985 жылдары – Қостанай облыстық ауылшаруашылық тәжірибе стансасының зоотехнигі. 1985-1998 жылдары – зоотехник-селекционер, бас зоотехник, кеңшар директоры, «Конысбай» АҚ төрағасы. 1998-2000 жылдары – «Сельхозводоснабжение» аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы. 2001-2002 жылдары – Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары. 2002-2003 жылдары – Ақмола облысы Зеренді ауданының «Сушы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының директоры. 2003-2006 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ЖШС-ның «Сұңқар» сауықтыру кешенінің директоры, Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2012 жылдың сәуірінен – қазіргі қызметінде.  «Құрмет» орденімен және  медальдармен марапатталған. Мәдениет қайраткері.

2005 жылы Парижде, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде қазақстандық танымал суретші Ерболат Төлепбайдың көрмесі ашылды. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты Өкілі Олжас Сүлейменовтың бастамасымен ұйымдастырылған бұл көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Парижде тіркелген дипломаттар, Францияның танымал саясаткерлері мен өнер қайраткерлері, шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері, өнерсүйер қауым қатысты.

Ерболат Төлепбай – Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдiң Императорлық көркем академиясының құрметтi мүшесi, Қырғызстанның Көркем академиясының нақты мүшесi, Масарык атындағы Чех көркем академиясының мүшесi, «Платина Тарланының» иегері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға