6-наурыз
Гана Республикасының ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1975 жылдан бастап атап өтіледі. Гана ұзақ уақыт Ұлыбританияның отарында болған еді. 1975 жылы тәуелсіздігін алғанымен, Британ ынтымақтастығының құрамында қалды. Ел астанасы - Аккра қаласы, ресми тілі - ағылшын, Республика аймағын 17 миллион адам мекендейді. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы - бір палаталы парламент.
Қазақстан Республикасы мен Гана Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 14-де орнатылды.
Балалардың теледидары мен радиохабарларының халықаралық күні. Бұл мерекелі күнді Каннда 1994 жылы сәуірде БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдері жариялады. Сол кезден бастап жыл сайын наурыздың алғашқы жексебісін дүниежүзінің барлық теледидар және радиокомпанияларының жүргізушілері эфир уақытын балаларға және балалар бағдарламаларына ұсынады.
1917 жылы1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға рақымшылық жарияланып, Уақытша үкімет бұрынғы әкімшілік құрылымдармен қатар облыстық және уездік комиссариаттар құра бастады. Торғай облысына Әлихан Бөкейхан, Жетісуға Мұхамеджан Тынышбаев, Оралға Халел Досмұхамедұлы, ал Қостанай уезіне Ахмед Бірімжанұлы комиссар болып сайланды.
1936 жылы ақын, көптеген аймақтық бүкілодақтық жарыстардың жүлдегері Қожамұратов Өмірзақ дүниеге келді.
Өзбекстан Республикасының Бұқар облысында туған. Алғашқы еңбек жолын мектеп мұғалімі, аудандық ерікті спорт қоғамының төрағалығынан бастап, аудандық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Тарихи отаны Қазақстанға келгеннен кейін Қызылорда қаласында Халық шығармашылығы үйінің әдіскер маманы қызметін атқарды.
Шығармалары елуінші жылдардың аяғында аудандық, облыстық, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көре бастаған. «Жиделі Байсын», «Таңғы дауыс», «Ой кешу», «Күн астында - құдірет», т.б. жыр жинақтары жарық көрген.
Өзбекстанның қазіргі Науаи облысы, Үшқұдық қаласының №4 қазақ орта мектебіне Өмірзақ Қожамұратов есімі берілген.
1917 жылы Уақытша үкімет 1916 жылғы көтеріліске қатысқандарға кешірім жариялады. Уақытша үкімет бұрынғы биліктегілермен бірігіп, облыстық және уездік комиссариаттар құра бастады. Торғай облысына – Әлихан Бөкейхан, Жетісуға – Мұхамеджан Тынышбаев, Оралға – Халел Досмұхамедұлы, Қостанай уезіне Ахмет Бірімжанұлы комиссар болып сайланды.