23-ақпан
Ресей Федерациясының Отан қорғаушылар күні. Кеңес Одағы кезінде бұл мереке Кеңес Армиясының және Әскери-теңіз флотының күні ретінде атап өтілетін.
Бруней Сұлтандығының Тәуелсіздік күні. Бруней мемлекеті 1888 жылдан Британ протектораты болып келді. 1984 жылы Бруней тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Қазақстан Республикасы мен Бруней Сұлтанаты арасында дипломатиялық қатынас 2000 жылы маусымның 14-інде орнады.
Ресей Отан қорғаушылар күні. Федаралдық заңмен 1995 жылғы наурыздың 13-інде белгіленген. Ақпанның 23-і Қызыл Армияның 1918 жылы Германияның кайзерлік әскерлерін жеңген күні құрметіне таңдап алынған.
Тәжікстанда Отан қорғаушылар күні. Тәжікстанда Отан қорғаушылар күні 1993 жылы ақпанның 23-інде Тәжікстанның Ұлттық армиясын құру құрметіне белгіленген.
1993 жылы Алматыдағы Достық үйінде «Қазақстан-Венгрия» достық қоғамы құрылды.
1995 жылы Лондонда Абай үйі ашылды.
2000 жылы Маңғыстаудағы Доға мұнай кен орнын іске қосудың тұсаукесер рәсімі өтті.
1919 жылы Латыш драма театры құрылды. Алғаш рет Кеңестік Латвияның жұмысшы театры деген атпен Ригада құрылған болатын. Театр Л.Паэгленің «Қайта туу» пьесасымен тұңғыш рет шымылдығын ашты. 1919 жылдың аяғында театр қайта ұйымдастырылып, Ұлттық театр деген атпен 1940 жылға дейін жұмыс істеді. 1949 жылы академиялық театр мәртебесін иеленді. Ал 1971 жылы жазушы А.Упиттің есімі берілді.
1934 жылы Мәскеуде Н.Зелинский атындағы Органикалық химия институты құрылды.
1944 жылы Шешен-Ингуш автономиялық республикасы таратылды. Шешендер мен ингуштар Қазақстанға, Орталық Азияға жер аударылды.
2005 жылы Алматыда Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі жалғыз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің негіздері» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапты «Транспаренси Казахстан» және «Интерлигал» саяси-құқықтық зерттеулер қоғамдық қорларының көмегімен және «Сыбайлас жемқорлықпен азаматтық білім арқылы күресу» жобасының аясында басып шығарылды. Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шыққан. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық қарым-қатынастың барлық саласына әсер етеді, деген мінездеме берілген.
Кітап авторлары Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы (қазір ҚР Парламенті Сенатының төрағасы) Қайрат Мәми.
2005 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында (ҚМЭБИ) Қалалардың тұрақты даму орталығы құрылды. Басты мақсаты - қалаларды жоспарлау саласындағы мамандарды дайындау. Орталық қалаларды дамыту саласында саяси шешімдердің ақпараттандыруын жоғарылатады.