21-ақпан
Ана тілінің халықаралық күні. 1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО Бас Конференциясының 30-шы сессиясының шешімімен бекітілген және 2000 жылғы ақпанның 21-інен бастап тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында атап өтіледі.
Король V Харальдтың туған күні (Норвегия). Басқа да скандинав елдері сияқты Норвегия да король отбасы мүшелерінің туған күнін тойлайды. Бұл күндер байрақ күні деп аталады да, туған күн иесінің құрметіне заңнамада бекітілген жерлерде мемлекеттік ту көтеріледі.
2008 жылы Семейде көконістерді кептіретін және қайта өңдейтін зауыт ашылды. Оның жоба қуаттылығы – тәулігіне бір тонна өнім шығару. Зауыттың технологиясы қалдықсыз өнім шығару. Бұрын екінші сортты көкөністерді лақтыруға немесе малдарға беруге мәжбүр болатынбыз. Енді олар кептіріледі, нарықта сұранымсыз өнім қайта өңделеді, оны қоспа, жылдам дайындалатын сорпа және дәмдеуіштер жасайтын қазақстандық кәсіпорындар сатып алуға дайын. Зауыт заманауи технологиялармен жабдықталған. Жабдық Санкт-Петербор қаласынан әкелінді. Қаржылай көмекті мемлекет жасады.
2008 жылы Астанада ерлі-зайыптылардың репродуктивті денсаулығын сақтауға арналған Отбасын жоспарлау және репродукциялау орталығы ашылды.
Орталық бедеулікті және нәрестенің құрсақта жетілу кезеңінде кездесетін ауытқулар мен генетикалық ауруларды емдеуде амбулаториялық-консультативтік көмек көрсетеді. Орталық барлық құрал-жабдықтар және зертханалармен жарақтанған.
2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Экстремизмге қарсы әрекет туралы» Заңға қол қойды. 6 жыл бұрын (2007) Қытайдағы, ТМД мен Еуропа елдеріндегі халықаралық қызметінің кеңеюіне байланысты, сондай-ақ компанияны шетелдік рыноктарда Қазақстан бизнесімен теңдестіру үшін, «Казжелдортранс» компаниясы атауын «Қазтеміртранс» АҚ деп өзгерту туралы шешім қабылдады. Меншігінде 56 мыңға жуық жүк вагондары бар «Қазтеміртранс» Қазақстан Республикасындағы жүк вагондары паркінің ірі операторы болып табылады.
2009 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Халықтар достығы үйінде танымал кинодокументалист Анатолий Лаптев өзінің жаңа «Ақ Баур: күн мен түннің теңелуі» атты деректі фильмін ұсынды. Ұсынылған фильмде, Евразияның ұлы даласының жолында тұрған ерекше ескерткіш Ақ-Баур туралы көрсетілген.
1969 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жіберілген «N-1» зымыран тасымалдағыш 70 секундтан кейін жарылып кетті. Бұл кеңестік зымыран Айға жетуі керек болатын. Зымыран ұшыру үш мәрте сәтсіздікке ұшырағаннан кейін жоба тоқтатылған.