Жаңалықтар

12-ақпан

1936 жылы Жамбыл медицина колледжі ашылды. Бастапқыда «медбикелер мектебі» деп аталған. Қазіргі таңда аталмыш оқу орны «емдеу ісі», «акушерлік іс», «медбике ісі», «фармация», «ортопедиялық стоматология» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. 1992 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды. 1994 жылы  Норвегияның Лилехаммер қаласында өткен ХVII қысқы ойындарға тәуелсіз Қазақстан құрамасы алғаш рет қатысты. 2007 жылы  Ұлттық банктің Орталық филиалына номиналы 500 теңгелік екі коллекциялық күміс шақа келіп түсті. Шақалардың дайындалу сапасы - «proof», тиражы - 4 мың дана. Бірінші шақада - баласын бесікке бөлеп жатқан ана бейнеленсе, екіншісінде - Алматыдағы орталық мешіт бейнеленген. Коллекциялық шақаның салмағы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм. Әрқайсысының құны 5 мың теңге. Шақалар 925-сынамалы күмістен жасалған. 1908 жылы  Нью-Йорктің Таймс-сквер алаңынан бірінші жер шарын автомобильмен айналып шығу жарысы басталды. Алты автомобиль бастапқыда Сан-Францискоға жетіп, одан кейін теңіз жолы арқылы Жапонияға, Ресейге жетті. Жарыс жолы Сібірді басып өтіп, барлық Еуропаны қамтыды. 88 күн бойы рөлде отырып, шілденің 26-ында Парижге бірінші болып Джордж Шустер жетті. 1924 жылы қабірден Тутанхамон перғауынның мумиясы алынды. «Патшалар жазығын» қазу жұмыстары 1922 жылы басталған болатын. Тутанхамон қабіріндегі байлықтың осынша уақыт тонаудан аман-есен қалғандығы нағыз ғажап оқиға десе де болады. Одан табылған дүниелер 20 ғасырдағы керемет археологиялық жаңалық болды. 2007 жылы Павлодарда айтыс өнерінің дамуына арналған «Өнердің алтын тәжі» атты кітап жарыққа шықты. Басылымның авторы павлодарлық журналшы Мұхамеджан Дәуренбек тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өңірлік айтыстар қалай дайындалып өткізілгені туралы баяндайды. М.Дәуренбек облысты аралап, айтыстарға қатысушыларды іріктей жүріп, көптеген ақындармен танысқан, жыр сайысына бірнеше рет қазылық жасаған. 2009 жылы  Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кресло-коляска шығаратын зауыт іске қосылды. Зауыт «Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі жандар конфедерациясы» және немістің «Майра» фирмасы көмегімен елорда әкімшілігінің қолдауымен жұмыс істеді. 2009 жылы Қазақстан-британ техникалық университетінде техникалық ғылымдар докторы, профессор Г.Хаиров атындағы дәрісхана ашылды. Г.Хаиров (1946-2007) - қазақстанның көрнекті ғалымы, «КСРО жер қойнауын құрметті барлаушы», «Қазақстан Республикасының кен орындарының бірінші ашушысы» және КСРО геология Министрлігі сыйлығының иегері. 2006 жылы Алматыда Достық үйінде мәскеулік режиссер Константин Харалампидистің «От Рождества до Воскресения» атты ежелгі және бүгінгі гректер туралы деректі фильмінің премьерасы өтті. Премьераны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл фильм Мәскеуде өткен «Еуразия калейдоскопы» кинофестивалінде «Шетелдік кино» аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алған. Автор «От Рождества до Воскресения» туындысында ежелгі грек-понтийлер тап болған апат пен бүгінгі гректердің бастан кешкен дағдарыстан арылып келе жатқандығы арқау етілген. Константин Харалампидис 1999 жылдан бастап біздің елде кино түсіре бастады. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербор, Новороссийск қалалары мен Владикавказда, Сочиде, сондай-ақ Грекияда, Афины, Салоника мен Патрахта және киелі Афон тауында фильмдер түсірген.
21.08.2013 06:06 3275

1936 жылы Жамбыл медицина колледжі ашылды. Бастапқыда «медбикелер мектебі» деп аталған. Қазіргі таңда аталмыш оқу орны «емдеу ісі», «акушерлік іс», «медбике ісі», «фармация», «ортопедиялық стоматология» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.

1992 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

1994 жылы  Норвегияның Лилехаммер қаласында өткен ХVII қысқы ойындарға тәуелсіз Қазақстан құрамасы алғаш рет қатысты.

2007 жылы  Ұлттық банктің Орталық филиалына номиналы 500 теңгелік екі коллекциялық күміс шақа келіп түсті. Шақалардың дайындалу сапасы - «proof», тиражы - 4 мың дана. Бірінші шақада - баласын бесікке бөлеп жатқан ана бейнеленсе, екіншісінде - Алматыдағы орталық мешіт бейнеленген. Коллекциялық шақаның салмағы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм. Әрқайсысының құны 5 мың теңге. Шақалар 925-сынамалы күмістен жасалған.

1908 жылы  Нью-Йорктің Таймс-сквер алаңынан бірінші жер шарын автомобильмен айналып шығу жарысы басталды. Алты автомобиль бастапқыда Сан-Францискоға жетіп, одан кейін теңіз жолы арқылы Жапонияға, Ресейге жетті. Жарыс жолы Сібірді басып өтіп, барлық Еуропаны қамтыды. 88 күн бойы рөлде отырып, шілденің 26-ында Парижге бірінші болып Джордж Шустер жетті.

1924 жылы қабірден Тутанхамон перғауынның мумиясы алынды. «Патшалар жазығын» қазу жұмыстары 1922 жылы басталған болатын. Тутанхамон қабіріндегі байлықтың осынша уақыт тонаудан аман-есен қалғандығы нағыз ғажап оқиға десе де болады. Одан табылған дүниелер 20 ғасырдағы керемет археологиялық жаңалық болды.

2007 жылы Павлодарда айтыс өнерінің дамуына арналған «Өнердің алтын тәжі» атты кітап жарыққа шықты. Басылымның авторы павлодарлық журналшы Мұхамеджан Дәуренбек тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өңірлік айтыстар қалай дайындалып өткізілгені туралы баяндайды. М.Дәуренбек облысты аралап, айтыстарға қатысушыларды іріктей жүріп, көптеген ақындармен танысқан, жыр сайысына бірнеше рет қазылық жасаған.

2009 жылы  Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кресло-коляска шығаратын зауыт іске қосылды. Зауыт «Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі жандар конфедерациясы» және немістің «Майра» фирмасы көмегімен елорда әкімшілігінің қолдауымен жұмыс істеді.

2009 жылы Қазақстан-британ техникалық университетінде техникалық ғылымдар докторы, профессор Г.Хаиров атындағы дәрісхана ашылды.

Г.Хаиров (1946-2007) - қазақстанның көрнекті ғалымы, «КСРО жер қойнауын құрметті барлаушы», «Қазақстан Республикасының кен орындарының бірінші ашушысы» және КСРО геология Министрлігі сыйлығының иегері.

2006 жылы Алматыда Достық үйінде мәскеулік режиссер Константин Харалампидистің «От Рождества до Воскресения» атты ежелгі және бүгінгі гректер туралы деректі фильмінің премьерасы өтті.

Премьераны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл фильм Мәскеуде өткен «Еуразия калейдоскопы» кинофестивалінде «Шетелдік кино» аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алған. Автор «От Рождества до Воскресения» туындысында ежелгі грек-понтийлер тап болған апат пен бүгінгі гректердің бастан кешкен дағдарыстан арылып келе жатқандығы арқау етілген. Константин Харалампидис 1999 жылдан бастап біздің елде кино түсіре бастады. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербор, Новороссийск қалалары мен Владикавказда, Сочиде, сондай-ақ Грекияда, Афины, Салоника мен Патрахта және киелі Афон тауында фильмдер түсірген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға