11-ақпан
Иран Ислам Республикасының Ұлттық мейрамы - Революция күні (1979). Астанасы - Тегеран қаласы. Ресми тілі - парсы тілі. Мемлекеттік діні - ислам дінінің шиит тармағы. Ақша бірлігі - риал. Елді президент басқарады және ол төрт жылға сайланып, Министрлер Кабинетін де басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы - бір палаталы парламент.
Иран 1960 жылдан бастап Батыс үлгісінде дами бастады. Елде шет ел капиталының үстемдік алуы, ұлттық құндылықтардың аяққа басылуы 1978-1979 жылдары халықтың шаһ үкіметіне қарсы жаппай бас көтеруіне алып келді. Оны елдегі шиит дінбасылары басқарды. 1979 жылғы ақпанның 11-інде болған революция нәтижесінде шаһ үкіметі құлап, сәуірдің 1-нен бастап Иран Ислам Республикасы жарияланды. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 29-ында орнатылды.
Жапонияның мемлекеттік мейрамы - мемлекеттің құрылған күні Кэнкоку кинэн-но хи). Соғысқа дейін империяның (Кигэнсэцу) құрылған күні ретінде атап өтілетін.
Дүниежүзілік аурулар күні. 1992 жылы мамырдың 13-де Рим папасы Иоанн Павел II бекіткен.
1992 жылы Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Испания корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
1994 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі кеңес құру туралы» Жарлығы шықты.
2006 жылы Италияның Турин қаласында ХХ қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі 2006 жылғы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Валентино Кастеллани мен Халықаралық Олимпиадалық комитеттің басшысы Жак Роггенің құттықтауымен ашылды.
1929 жылы Римнің қақ ортасында әлемдегі ең ерекше ел - Ватикан мемлекеті құрылды.
1997 жылы «Кеңес Одағының Маршалы И.С Конев атындағы Алматыдағы жоғары әскери училищесін Қазақстан Республикасының Қарулы күштер әскери академиясына өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты.
2000 жылы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және шет тілдер университетінің Алматыдағы бас ғимараты алдында Абылай ханға ескерткіш орнатылды.
2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде академик Манаш Қозыбаев атындағы дәрісхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
М.Қозыбаев (1931-2002) Кеңес заманында бұрмаланып келген қазақ тарихын сан ғасырлық мұрағат құжаттарын зерттеу нәтижесінде жазып шыққан ғалым. Ол саяси қуғын-сүргін кезінде құрбан болған қазақ зиялыларын ақтау туралы бірінші болып мәселе көтеріп, Парламенттегі ақтау комиссиясын басқарды. Көрнекті ғалымның мыңнан астам зерттеу еңбектерінің біразы Қытай, АҚШ, Түркия, Корея, Иран елдерінде аударылып, кітап болып шықты. Ал, ҚР Үкіметінің қаулысымен еліміздегі бірсыпыра білім шаңырақтарына ғалымның есімі берілді.
2005 жылы Павлодарда облыстағы мәдени-ұлттық орталықтарының қызметіне арналған кітап-альбом жарық көрді. Кітапта 23 мәдени-ұлттық орталықтарының, және олардың ауылдық бөлімшелерінің әңгімелері жазылған. Түрлі-түсті суреттерде шығармашылық ұжымдардың, Қазақстан халқыКіші Ассамблеясының ардагерлері және беделділері көрсетілген. Кітап-альбомның тарауының бірі Қазақстан халықтарының мәдениетіне және облыстық мәдениет фестивалдеріне арналған. Суреттердің авторы - фотошебер Александр Пархоменко.