Жаңалықтар

10-ақпан

Орыс ақыны А.С.Пушкинді (1799-1837) еске алу күні. Ресей Федерациясының Аэрофлот күні. 1979 жылы бекітілген. Жыл сайын ақпанның екінші жексенбісінде атап өтіледі. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен Жангелдин ауданындағы КОКП XXI съезі атындағы совхоз Абылай ханның оң қолы, белгілі қолбасшы Шақшақ Жәнібек есімімен аталды. 1993 жылы  Ресейдің Қорған облысында тұратын қазақтардың құрылтайы өтті. Құрылтайдың арнайы шешімімен «Шаңырақ» атты Қорған қазақтарының мәдени орталығы құрылды. 1995 жылы  Алматыда Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті. 2001 жылы  мәскеулік «Юность» журналының 2000 жылғы соңғы нөмері толығымен Қазақстанға арналған. 2006 жылы  Алматыда Мұқағали Мақатаев атындағы республикалық қоғамдық қор құрылды. Қордың алдына қойған негізгі мақсаты - ақын туралы естеліктерді жарыққа шығарып, жас мұқағалитанушыларды жұртшылыққа таныту. Сондай-ақ, ақын шығармаларын шет тілдеріне аудару. 2007 жылы  Атырауда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдігі ашылды. Өкілдік жұмысының басты бағыттары - тарихи отанына қайтқан оралмандарды орналастыру, шетелдегі отандастармен, соның ішінде, көршілес Астрахан облысының қазақтарымен байланысты жолға қою. Сондай-ақ, ұлттық әдебиетшілер өкілдерінің шығармаларын насихаттау, қазақ тіліндегі басылымдарды тарату, кездесулер, көрмелер және басқа да шаралар ұйымдастыру жоспарланған. 1995 жылы  Алматыда өткен ТМД елдері Мемлекет басшыларының Кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесінің мәжілісінде ұжымдық қауіпсіздік, ТМД-ның шекара және бітімгершілік күштерін құру туралы мәселе талқыланды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бейбітшілік пен тұрақтылыққа қолдау көрсету туралы меморандум қабылданды. Сол күні өткен президенттер Н.Назарбаев, А.Ақаев және И.Каримовтың кездесуінде Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы үш елдің уағдаластығын жүзеге асыру жөніндегі істің жағдайы талқыланды, үш елдің Мемлекетаралық кеңесі атқару комитетінің есебі, Орталық Азиялық ынтымақтастық және Даму банкі басқармасының және Аралды құтқару халықаралық қоры басшылығының есептері тыңдалды. Орталық Азиялық үш республиканың басшылары Мемлекетаралық кеңес және оның институттары туралы келісімге қол қойып, Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның Премьер-министрлер кеңесі және Сыртқы істер министрлері кеңесі туралы ережені бекітті. 2000 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның әскери доктринасы бекітілді. 2000 жылы  Қазақстан Республикасының Үкіметі «Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы» Қаулы қабылдады.
21.08.2013 05:52 3176

Орыс ақыны А.С.Пушкинді (1799-1837) еске алу күні.

Ресей Федерациясының Аэрофлот күні. 1979 жылы бекітілген. Жыл сайын ақпанның екінші жексенбісінде атап өтіледі.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен Жангелдин ауданындағы КОКП XXI съезі атындағы совхоз Абылай ханның оң қолы, белгілі қолбасшы Шақшақ Жәнібек есімімен аталды.

1993 жылы  Ресейдің Қорған облысында тұратын қазақтардың құрылтайы өтті. Құрылтайдың арнайы шешімімен «Шаңырақ» атты Қорған қазақтарының мәдени орталығы құрылды.

1995 жылы  Алматыда Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті.

2001 жылы  мәскеулік «Юность» журналының 2000 жылғы соңғы нөмері толығымен Қазақстанға арналған.

2006 жылы  Алматыда Мұқағали Мақатаев атындағы республикалық қоғамдық қор құрылды. Қордың алдына қойған негізгі мақсаты - ақын туралы естеліктерді жарыққа шығарып, жас мұқағалитанушыларды жұртшылыққа таныту. Сондай-ақ, ақын шығармаларын шет тілдеріне аудару.

2007 жылы  Атырауда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдігі ашылды. Өкілдік жұмысының басты бағыттары - тарихи отанына қайтқан оралмандарды орналастыру, шетелдегі отандастармен, соның ішінде, көршілес Астрахан облысының қазақтарымен байланысты жолға қою. Сондай-ақ, ұлттық әдебиетшілер өкілдерінің шығармаларын насихаттау, қазақ тіліндегі басылымдарды тарату, кездесулер, көрмелер және басқа да шаралар ұйымдастыру жоспарланған.

1995 жылы  Алматыда өткен ТМД елдері Мемлекет басшыларының Кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесінің мәжілісінде ұжымдық қауіпсіздік, ТМД-ның шекара және бітімгершілік күштерін құру туралы мәселе талқыланды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бейбітшілік пен тұрақтылыққа қолдау көрсету туралы меморандум қабылданды. Сол күні өткен президенттер Н.Назарбаев, А.Ақаев және И.Каримовтың кездесуінде Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы үш елдің уағдаластығын жүзеге асыру жөніндегі істің жағдайы талқыланды, үш елдің Мемлекетаралық кеңесі атқару комитетінің есебі, Орталық Азиялық ынтымақтастық және Даму банкі басқармасының және Аралды құтқару халықаралық қоры басшылығының есептері тыңдалды. Орталық Азиялық үш республиканың басшылары Мемлекетаралық кеңес және оның институттары туралы келісімге қол қойып, Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның Премьер-министрлер кеңесі және Сыртқы істер министрлері кеңесі туралы ережені бекітті.

2000 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның әскери доктринасы бекітілді.

2000 жылы  Қазақстан Республикасының Үкіметі «Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы» Қаулы қабылдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға