Жаңалықтар

9-ақпан

Халықаралық стоматологтар күні.  Александрияда III ғасырда өмір сүрген Әулие Аполлонияны еске алу құрметіне бекітілген. Аполлония - Христосқа сенген көрнекті александрлық шенеуніктің қызы. Аполлонияны христиандықтан бас тартуын талап етіп, қатаң жазаға тартады. Аполлония өлім алдында шімірікпеген. Қиналуы мен өжеттігі сол кездегі замандастарын қатты толқытқан, кейін Аполлония есімі естілсе не оған сыйынса - тіс ауруы қоя салады деген аңыз шыққан. Орыс жазушысы Федор Достоевскийді еске алу күні (1821-1881). Әлем әдебиетіне елеулі ықпал еткен ұлы орыс жазушысы Федор Михаилович Достоевскийді еске алу күні. Ол қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановты аса жоғары бағалап, дос тұтқан. Сонымен бірге «Жазушы күнделігінде» отар ұлттардың болашақтағы тағдыры туралы қайшылықты пікірлері де бар. 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды. 1994 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мәртебесін және ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы» Жарлығы жарық көрді. 2002 жылы  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әкімшілік және мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құру туралы» Жарлығы жарық көрді. 2002 жылы  ҚР Президенті Үндістанға ресми сапар жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы сапары барысында Дели қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы атындағы көше ашылды. 1904 жылы II Николай патшаның Жапониямен соғыс туралы манифесі жарияланды. Осы соғыста 500 мың орыс солдаты қаза тапқан. Ресейдің Тынық мұхиты бойындағы флоты түгел қирады. Ресейдің тұралаған экономикасы АҚШ пен Ұлыбритания қолдаған жапон күшіне төтеп бере алмады. Екі мемлекет арасындағы 1905-1907 жылдардағы соғыс алғашқы орыс төңкерісіне алып келді.  1925 жылы Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді. 1935 жылы Қазақ АССР Орталық Атқару комитеті төралқасы Республиканың негізгі ұлтының атауын орыс тілінде «казахи», ал республика атауын «Казахстан» деп жазу жөнінде қаулы етті. Мұнан бұрын «казаки», «Казакстан» деп жазылатын. 2009 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
21.08.2013 05:52 3638

Халықаралық стоматологтар күні.  Александрияда III ғасырда өмір сүрген Әулие Аполлонияны еске алу құрметіне бекітілген. Аполлония - Христосқа сенген көрнекті александрлық шенеуніктің қызы. Аполлонияны христиандықтан бас тартуын талап етіп, қатаң жазаға тартады. Аполлония өлім алдында шімірікпеген. Қиналуы мен өжеттігі сол кездегі замандастарын қатты толқытқан, кейін Аполлония есімі естілсе не оған сыйынса - тіс ауруы қоя салады деген аңыз шыққан.

Орыс жазушысы Федор Достоевскийді еске алу күні (1821-1881). Әлем әдебиетіне елеулі ықпал еткен ұлы орыс жазушысы Федор Михаилович Достоевскийді еске алу күні. Ол қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановты аса жоғары бағалап, дос тұтқан. Сонымен бірге «Жазушы күнделігінде» отар ұлттардың болашақтағы тағдыры туралы қайшылықты пікірлері де бар.

1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

1994 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мәртебесін және ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы» Жарлығы жарық көрді.

2002 жылы  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әкімшілік және мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құру туралы» Жарлығы жарық көрді.

2002 жылы  ҚР Президенті Үндістанға ресми сапар жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы сапары барысында Дели қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы атындағы көше ашылды.

1904 жылы II Николай патшаның Жапониямен соғыс туралы манифесі жарияланды. Осы соғыста 500 мың орыс солдаты қаза тапқан. Ресейдің Тынық мұхиты бойындағы флоты түгел қирады. Ресейдің тұралаған экономикасы АҚШ пен Ұлыбритания қолдаған жапон күшіне төтеп бере алмады. Екі мемлекет арасындағы 1905-1907 жылдардағы соғыс алғашқы орыс төңкерісіне алып келді.

 1925 жылы Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді.

1935 жылы Қазақ АССР Орталық Атқару комитеті төралқасы Республиканың негізгі ұлтының атауын орыс тілінде «казахи», ал республика атауын «Казахстан» деп жазу жөнінде қаулы етті. Мұнан бұрын «казаки», «Казакстан» деп жазылатын.

2009 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға