6-ақпан
Халықаралық саамдар күні. 1917 жылы Норвегияның Тронхейм қаласында осы күні саамдардың жиналысы өтті. Оның мақсаты барлық солтүстік елдердегі осы халық өкілдерінің басын біріктіру болды.
Жаңа Зеландияның Ұлттық мейрамы - Вайтанга күні. 1840 жылы Вайтанга өзенінде маорий басшысы ел егемендігінің барлық құқықтары мен өкілеттігін ағылшын королевасына беру туралы келісімге қол қойып, Жаңа Зеландия Англияның колониясын айналды.
Халықаралық бармен күні (Қасиетті Аманда күні). Көптеген мемлекеттерде бармен мен рестораторлардың кәсіби мейрамы қасиетті Аманда күні атап өтіледі.
Шарап ашытушы мен бармендердің қорғаушысы қасиетті Аманда, Маастрихит епископы (584-679) Францияның, Германия мен Фландрияның шарап ашытатын аймақтарында шарап ашытушылардың, шарап сатушылардың, сырашының, бар мен мейрамхана иелерін, және де бар жұмысшыларының (барменнен ыдыс жуушыға дейін) ресми қорғаушысы болып табылады.
1934 жылы Қарағанды қаласының іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Тұрғындар санының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды. Жерінде қараған бұтасы көп өсетіндіктен қала Қарағанды деп аталған. 1833 жылы Аппақ Байжанов осы жерден тас көмір тауып, Қарағанды өңірін Өтепов деген бай орыстың кен кәсіпкері Н.Ушаковқа 250 сомға сатып жіберді. Бүгінгі таңда Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Қалада ҚР ҰҒА-ның Орталық Қазақстан бөлімшесі орналасқан. Сондай-ақ бірнеше жоғары оқу орындары, кәсіптік-техникалық мектептер, ауруханалар, кітапханалар, мұражайлар, театрлар, филармония, цирк, стадион және екі саябақ бар.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев йод жетіспеушілігі ауруларының алдын алу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді әрі қарай жетілдіру мақсатында «Йод жетіспеушілігі ауруларының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
2008 жылы Интернетте Қазақстан туралы иран тілінде хабар тарататын алғашқы www.yousefpiltan.blogf.com сайты ашылды.
Оны Алматы қаласының тұрғыны Жүсіп Пилтан жасап отыр. «Қазір ақпарат кеңістігінде әр ел өз саясатын насихаттап жатыр. Елде тіркелген шетелдік ақпарат агенттіктері де оған өз үлесін қосуда.
Өз сайтында ол Қазақстан жаңалықтары, баспасөзге шолу, мемлекеттік тендер, валюта бағамы, ауа-райы болжамы деген айдарлар бойынша ақпарат таратып отыр.