Жаңалықтар

4-ақпан

Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының (бұрынғы Цейлон) Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. Ел 1948 жылы доминион құқында Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды. Мемлекет Оңтүстік Азияда орналасқан. Әкімшілік астанасы - Джаяварданапура қаласы, нақты астанасы - Коломбо қаласы. Мемлекеттік тілі - сингаль, тамиль тілдері.  Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-інде орнатылды. Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні. «Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі одақ» (Қатерлі ісікке қарсы одақ - UICC) жариялаған. Бұл халықаралық күннің мақсаты - қатерлі ісіктің қазіргі өркениеттің ең қауіпті ауруының бірі екендігі туралы хабардарлықты арттыру, осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аудару. Қатерлі ісік - бүкіл әлемде өлімге әкеліп соғатын кесел саналады. 1992 жылы Францияның Тур қаласында өткен халықаралық кинофестивальда режиссер Ермек Шынарбаевтың «Кек» фильмі бірінші орынды иелесе, Сергей Әзімовтың «Өлі теңіз хроникасы» атты фильмі екінші жүлдеге ие болды. 1854 жылы Верный бекінісінің негізі қаланды. 1867 жылы бекініс қала мәртебесін иеленді. 1921 жылы қаланың аты Алматы деп өзгертілді. 1929 жылдан бастап бұл қала Қазақстанның астанасы болды. Верныйда 1897 жылы алғаш жүргізілген халық санағы бойынша 22,7 мың адам тұратын болса, 1978 жылы 910 мыңға жеткен. Ал 1982 жылы Алматы қаласы КСРО бойынша тұрғындар саны 1 миллионға жеткен 22-ші қала ретінде тіркелді. 2005 жылы Алматыда «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты кітап шықты. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясының 10 жылдығына арналған ғылыми-заңды түсінік. Елдегі басты заңға ғылыми-заңды түсінік берген, танымал ғалым-заңгерлер Ғайрат Сапарғалиев, Мақсұт Нәрікбаев, Бауыржан Мұхамеджанов және басқалар. 1943 жылы кинорежиссер, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ҚАСЫМБЕКОВ Қанымбек дүниеге келді. Ол «Шоқ пен Шер», «Сен он екіге толғанда», «Қызыл киіз үй», «Ұш, тырнам, ұш», «Қоштасқым келмейді», «Саған күшік керек пе?», «Жамбылдың жастық шағы» көркем фильмдер мен деректі фильмдердің авторы. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің интеллектуалдық мектептер жүйесін басқаратын «Өркен» АҚ ресми сайтының жаңа нұсқасын ұсынды. Компанияның www. orken.org атты жаңа веб-порталының дизайны, құрылымы және мазмұны өзгерген. «Негізгі 6 бөлімнен компанияның қызметі, құрылымы туралы білуге және мектепке қабылдау ережелерінің толық нұсқасын көшіріп алуға болады. Сондай-ақ интерактивті айдарда кез келген адам сұрағына жауап алып, басқа да пайдалы мағлұматтармен таныса алады.
21.08.2013 05:40 3587

Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының (бұрынғы Цейлон) Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. Ел 1948 жылы доминион құқында Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды. Мемлекет Оңтүстік Азияда орналасқан. Әкімшілік астанасы - Джаяварданапура қаласы, нақты астанасы - Коломбо қаласы. Мемлекеттік тілі - сингаль, тамиль тілдері.

 Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-інде орнатылды.

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні. «Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі одақ» (Қатерлі ісікке қарсы одақ - UICC) жариялаған. Бұл халықаралық күннің мақсаты - қатерлі ісіктің қазіргі өркениеттің ең қауіпті ауруының бірі екендігі туралы хабардарлықты арттыру, осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аудару. Қатерлі ісік - бүкіл әлемде өлімге әкеліп соғатын кесел саналады.

1992 жылы Францияның Тур қаласында өткен халықаралық кинофестивальда режиссер Ермек Шынарбаевтың «Кек» фильмі бірінші орынды иелесе, Сергей Әзімовтың «Өлі теңіз хроникасы» атты фильмі екінші жүлдеге ие болды.

1854 жылы Верный бекінісінің негізі қаланды. 1867 жылы бекініс қала мәртебесін иеленді. 1921 жылы қаланың аты Алматы деп өзгертілді. 1929 жылдан бастап бұл қала Қазақстанның астанасы болды. Верныйда 1897 жылы алғаш жүргізілген халық санағы бойынша 22,7 мың адам тұратын болса, 1978 жылы 910 мыңға жеткен. Ал 1982 жылы Алматы қаласы КСРО бойынша тұрғындар саны 1 миллионға жеткен 22-ші қала ретінде тіркелді.

2005 жылы Алматыда «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты кітап шықты. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясының 10 жылдығына арналған ғылыми-заңды түсінік. Елдегі басты заңға ғылыми-заңды түсінік берген, танымал ғалым-заңгерлер Ғайрат Сапарғалиев, Мақсұт Нәрікбаев, Бауыржан Мұхамеджанов және басқалар.

1943 жылы кинорежиссер, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ҚАСЫМБЕКОВ Қанымбек дүниеге келді. Ол «Шоқ пен Шер», «Сен он екіге толғанда», «Қызыл киіз үй», «Ұш, тырнам, ұш», «Қоштасқым келмейді», «Саған күшік керек пе?», «Жамбылдың жастық шағы» көркем фильмдер мен деректі фильмдердің авторы.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің интеллектуалдық мектептер жүйесін басқаратын «Өркен» АҚ ресми сайтының жаңа нұсқасын ұсынды. Компанияның www. orken.org атты жаңа веб-порталының дизайны, құрылымы және мазмұны өзгерген.

«Негізгі 6 бөлімнен компанияның қызметі, құрылымы туралы білуге және мектепке қабылдау ережелерінің толық нұсқасын көшіріп алуға болады. Сондай-ақ интерактивті айдарда кез келген адам сұрағына жауап алып, басқа да пайдалы мағлұматтармен таныса алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға