Жаңалықтар

31-қаңтар

Халықаралық зергер күні. Зергерлік ең көне мамандықтардың бірі, себебі, адамдар өздерін сәндеуді қашанда ұнатқан. Алғашқы әшекейлер сол кездегі құралдармен өңдеуге келетін әртүрлі қосалқы материалдардан жасалынды. Мысалға олар ұлу қабыршағынан жасалған моншақтар, азу тістерден жасалған алқалар және тағы басқалары болды. Ең қымбат және әсем әшекейлерді тайпаның көсемі тақты. Зергерлік өнердің отаны Ежелгі Мысыр саналады. Осы жерде алғаш рет тастарға өрнектер салынды, жарқырауық тастары бар бағалы металдардан жасалған әшекейлер пайда болды. Ежелгі шеберлердің бұйымдары қазіргі күнге дейін таңданыс туғызуда. Әшекейлік заттарға бағалы тастар, гауһар тастар, кәріптастар және жарқырауық тастар пайдаланылды. Үндістан тәуелсіздігі үшін құрбан болғандарды еске алу күні. Махатма Гандидің қаза тапқан күніне (1869-1948) орай атап өтіледі. Ол Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының басшысы, «гандизм» деп аталатын ілімнің негізін қалаушы ретінде белгілі. Қаңтардың соңғы жексенбісінде атап өтіледі. 1996 жылы Қазақстанның екі палаталы тұңғыш Парламентінің алғашқы сессиясы Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бірлескен отырысымен басталды. 2006 жылы Қазақстан бойынша алғашқы несиелік бюро құрылды. Америкалық «Creditinfo Group» компаниясының ұйытқы болуымен құрылған бұл бюро құрамына Қазақстандағы «Альянс» банкі», «АТФ Банкі», «ТұранӘлем Банкі», «ЦентрКредит Банкі», «Қазкоммерцбанк», «Қазақстанның Халық Банкі» мен «Цесна» банкі» акционерлік қоғамы секілді ең ірі қаржы институттары кіреді. 2007 жылы Берлинде (Германия) Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» деп аталатын кітабының таныстырылымы өтті. 2007 жылы Алматыда кешенді ғылыми-техникалық «Қазақстан Республикасының Ұлттық атласы» және «Қазақстан Республикасы» атты монография жарыққа шықты. Аталмыш еңбектердің әрқайсысы 3 томнан тұрады. Атластың 1-ші томы табиғи-ресурстық ахуалға арналған. Оған еліміздің жағрафиялық орны, бедері, геологиялық құрылысы, минералдық ресурстары, климаты, жерасты және жербеті сулары, топырақтары, жер ресурстары, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, ландшафтары мен физикалық-жағрафиялық ерекшеліктері қамтылған. Онда 116 карта жарияланған. Атластың әлеуметтік-экономикалық ахуалға арналған 2-ші томында еліміздің халқы, әлеуметтік саласы, туристік орындары, ауыл шаруашылығы, аумақтардың әлеуметтік-экономикалық саласы, сыртқы экономикалық байланыстар, тарихы және археологиясына қатысты 116 карта берілген. Ұлттық атластың 3-ші томынан еліміздің табиғи-шаруашылық жүйелерінің экологиялық жағдайына арналған 89 картамен танысуға болады. Ал «Қазақстан Республикасы» монографиясының «Табиғи жағдайлары мен ресурстары» деп аталатын 1-ші томында еліміздің литосферасы, гидросферасы, атмосферасы және биосферасы туралы айтылады. «Әлеуметтік-экономикалық дамуы» деп аталатын 2-ші томда еліміз өз конституциясын қабылдағаннан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағрафиясы сипатталса, «Қоршаған орта және экология» деп аталатын 3-ші томда экологиялық ахуалдың жай-күйі қамтылып отыр. 1714 жылы Ресейдегі алғашқы мұражай - Кунсткамера ашылды. Мұражай коллекцияларының алғашқы тобын I Петрдің шет елге барған сапарынан алып келген кеме, машина, астрономиялық құрал-жабдық үлгілері мен аң-құстардың тұлыптары құрады. Мұражай 1719 жылы көпшілік үшін есігін айқара ашты. Көрермен тарту үшін мұражайға келген әрбір адамға бір кесе кофе немесе арақ берілді. Бұл қонақжайлық үшін мемлекет қазынасынан 400 рубль бөлініп тұрды. 1924 жыл Қарқаралы қаласы құрылды. Қарқаралы қаласы Қарағандының шығысында 224 километр қашықтықта, теңізден 815 метр биіктікте орналасқан. 1989 жылдан бастап әлемдегі ең ірі Боинг 747-400 авиалайнері тұрақты түрде рейске шықты. Оның қанатының көлемі 64, 9 метр, ал жолаушылар сыйымдылығы – 566 адам. 1865 жылы Менделеев классикалық орыс арағының құрамы деген белгілі диссертациясын қорғады. Дмитрий Иванович Менделеев ішімдік ісінің дамуына үлкен үлес қосты. Белгілі химиктің докторлық диссертациясы «Спирт пен суды қосу» деп аталады. Менделеев нағыз арақ градусының 40 пайыз болуы қажеттігін дәлелдеді. 1961 жылы американдықтар ғарышқа тірі хайуанат – Хэм атты маймылды ұшырды. Ал, КСРО итті ұшырған болатын. 1958 жылы алғашқы америкалық жердің жасанды серігі «Эксплорер-1» ұшырылды. 1924 жылы Францияның Шамони қаласында алғашқы қысқы олимпиадалық ойындар аяқталды.
21.08.2013 05:26 4130

Халықаралық зергер күні. Зергерлік ең көне мамандықтардың бірі, себебі, адамдар өздерін сәндеуді қашанда ұнатқан. Алғашқы әшекейлер сол кездегі құралдармен өңдеуге келетін әртүрлі қосалқы материалдардан жасалынды.

Мысалға олар ұлу қабыршағынан жасалған моншақтар, азу тістерден жасалған алқалар және тағы басқалары болды. Ең қымбат және әсем әшекейлерді тайпаның көсемі тақты.

Зергерлік өнердің отаны Ежелгі Мысыр саналады. Осы жерде алғаш рет тастарға өрнектер салынды, жарқырауық тастары бар бағалы металдардан жасалған әшекейлер пайда болды. Ежелгі шеберлердің бұйымдары қазіргі күнге дейін таңданыс туғызуда. Әшекейлік заттарға бағалы тастар, гауһар тастар, кәріптастар және жарқырауық тастар пайдаланылды.

Үндістан тәуелсіздігі үшін құрбан болғандарды еске алу күні. Махатма Гандидің қаза тапқан күніне (1869-1948) орай атап өтіледі. Ол Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының басшысы, «гандизм» деп аталатын ілімнің негізін қалаушы ретінде белгілі. Қаңтардың соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

1996 жылы Қазақстанның екі палаталы тұңғыш Парламентінің алғашқы сессиясы Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бірлескен отырысымен басталды.

2006 жылы Қазақстан бойынша алғашқы несиелік бюро құрылды. Америкалық «Creditinfo Group» компаниясының ұйытқы болуымен құрылған бұл бюро құрамына Қазақстандағы «Альянс» банкі», «АТФ Банкі», «ТұранӘлем Банкі», «ЦентрКредит Банкі», «Қазкоммерцбанк», «Қазақстанның Халық Банкі» мен «Цесна» банкі» акционерлік қоғамы секілді ең ірі қаржы институттары кіреді.

2007 жылы Берлинде (Германия) Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» деп аталатын кітабының таныстырылымы өтті.

2007 жылы Алматыда кешенді ғылыми-техникалық «Қазақстан Республикасының Ұлттық атласы» және «Қазақстан Республикасы» атты монография жарыққа шықты. Аталмыш еңбектердің әрқайсысы 3 томнан тұрады. Атластың 1-ші томы табиғи-ресурстық ахуалға арналған. Оған еліміздің жағрафиялық орны, бедері, геологиялық құрылысы, минералдық ресурстары, климаты, жерасты және жербеті сулары, топырақтары, жер ресурстары, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, ландшафтары мен физикалық-жағрафиялық ерекшеліктері қамтылған. Онда 116 карта жарияланған. Атластың әлеуметтік-экономикалық ахуалға арналған 2-ші томында еліміздің халқы, әлеуметтік саласы, туристік орындары, ауыл шаруашылығы, аумақтардың әлеуметтік-экономикалық саласы, сыртқы экономикалық байланыстар, тарихы және археологиясына қатысты 116 карта берілген. Ұлттық атластың 3-ші томынан еліміздің табиғи-шаруашылық жүйелерінің экологиялық жағдайына арналған 89 картамен танысуға болады. Ал «Қазақстан Республикасы» монографиясының «Табиғи жағдайлары мен ресурстары» деп аталатын 1-ші томында еліміздің литосферасы, гидросферасы, атмосферасы және биосферасы туралы айтылады. «Әлеуметтік-экономикалық дамуы» деп аталатын 2-ші томда еліміз өз конституциясын қабылдағаннан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағрафиясы сипатталса, «Қоршаған орта және экология» деп аталатын 3-ші томда экологиялық ахуалдың жай-күйі қамтылып отыр.

1714 жылы Ресейдегі алғашқы мұражай - Кунсткамера ашылды. Мұражай коллекцияларының алғашқы тобын I Петрдің шет елге барған сапарынан алып келген кеме, машина, астрономиялық құрал-жабдық үлгілері мен аң-құстардың тұлыптары құрады. Мұражай 1719 жылы көпшілік үшін есігін айқара ашты. Көрермен тарту үшін мұражайға келген әрбір адамға бір кесе кофе немесе арақ берілді. Бұл қонақжайлық үшін мемлекет қазынасынан 400 рубль бөлініп тұрды.

1924 жыл Қарқаралы қаласы құрылды. Қарқаралы қаласы Қарағандының шығысында 224 километр қашықтықта, теңізден 815 метр биіктікте орналасқан.

1989 жылдан бастап әлемдегі ең ірі Боинг 747-400 авиалайнері тұрақты түрде рейске шықты. Оның қанатының көлемі 64, 9 метр, ал жолаушылар сыйымдылығы – 566 адам.

1865 жылы Менделеев классикалық орыс арағының құрамы деген белгілі диссертациясын қорғады. Дмитрий Иванович Менделеев ішімдік ісінің дамуына үлкен үлес қосты. Белгілі химиктің докторлық диссертациясы «Спирт пен суды қосу» деп аталады. Менделеев нағыз арақ градусының 40 пайыз болуы қажеттігін дәлелдеді.

1961 жылы американдықтар ғарышқа тірі хайуанат – Хэм атты маймылды ұшырды. Ал, КСРО итті ұшырған болатын.

1958 жылы алғашқы америкалық жердің жасанды серігі «Эксплорер-1» ұшырылды.

1924 жылы Францияның Шамони қаласында алғашқы қысқы олимпиадалық ойындар аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға