Жаңалықтар

24-қаңтар

1874 жылы Санкт-Петербургтегі Мариинский театрында Мусогорскийдің «Борис Годунов» атты операсының алғашқы қойылымы болды. 1922 жылы даниялық Кристиан Нельсон шоколадпен көмкерілген балмұздақ текшесіне патент алды. Ол оны «эскимо-пай» - эскимос бүктемесі деп атаған. Жалпы, балмұздақтың тарихы әріден басталады. Осыдан 5 мың жыл бұрын Қытайда лимон шырыны мен мұздан жасалған басытқы, яғни десерт пен мұзбен араластырылған жеміс-жидек шырындары пайдаланылған. Қытайлықтардан ыстықты басатын бұл басытқыны Арабтар да үйренді. Оны ежелгі гректер де ұнатқан. Мысалы, медицинаның атасы – Гиппократ «балмұздақ адамның денсаулығымен қатар, оның көңіл-күйін де жақсартады деген». Бірнеше онжылдықтар өтсе де бұл өнім бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да балалар мен үлкендердің сүйікті тағамдарының біріне айналды. Қазақстандағы балмұздақ нарығы алуан түрлі, мұндай тәттінің дара көшбасшысы ретінде отандық Food Master компаниясын атауға болады, ал одан кейінгі орынды Ресейдің «Гулливер» фабрикасы иеленеді. 1927 жылы ұлы кинорежиссер әрі классик Альфред Хичкоктың алғашқы фильмі айналымға шықты. 1931 жылы әлемдегі алғашқы әрі жалғыз сыған театры - «Ромэн» Мәскеу сыған театры ашылды. 1995 жылы Брюссельде болған кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен НАТО-ның Бас хатшысы Вили Клаес «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Дәл осы күні Брюссельде Қазақстанның Бенилюкс елдеріндегі елшілігінің ашылу салтанаты болып өтті. Оған Қазақстанның мемлекет басшысы және Бельгия королі отбасының мүшелері және үкімет адамдары, осы елде тіркелген басқа елдердің елшілері қатысты. 1996 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң күші бар Жарлығы шықты. 2008 жылы елімізде алғаш рет балалар үйі туралы жазылған кітап жарық көрді. Журналист Светлана Буратайдың «Айналайын» деген атпен шығарған туындысы Талдықорған қаласындағы балалар үйіне арналған. Кітап үш бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде осы шаңырақтың құрылу тарихы, сол үйде қызмет жасап жүрген тәрбиешiлер хақында айтылады.Екiншi бөлiмде балалардың ой-пiкiрлерi, басынан өткен деректi жағдайлар баяндалады. Соңғы бөлiмде балаларға арналған әңгiмелер, ойтамшылар орын алған. «Айналайын» кiтабы Алматы қаласындағы «Кiтап «Дәуiр» баспасынан 1000 данамен жарық көрдi.
21.08.2013 05:00 3122

1874 жылы Санкт-Петербургтегі Мариинский театрында Мусогорскийдің «Борис Годунов» атты операсының алғашқы қойылымы болды.

1922 жылы даниялық Кристиан Нельсон шоколадпен көмкерілген балмұздақ текшесіне патент алды. Ол оны «эскимо-пай» - эскимос бүктемесі деп атаған. Жалпы, балмұздақтың тарихы әріден басталады. Осыдан 5 мың жыл бұрын Қытайда лимон шырыны мен мұздан жасалған басытқы, яғни десерт пен мұзбен араластырылған жеміс-жидек шырындары пайдаланылған. Қытайлықтардан ыстықты басатын бұл басытқыны Арабтар да үйренді. Оны ежелгі гректер де ұнатқан. Мысалы, медицинаның атасы – Гиппократ «балмұздақ адамның денсаулығымен қатар, оның көңіл-күйін де жақсартады деген».

Бірнеше онжылдықтар өтсе де бұл өнім бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да балалар мен үлкендердің сүйікті тағамдарының біріне айналды.

Қазақстандағы балмұздақ нарығы алуан түрлі, мұндай тәттінің дара көшбасшысы ретінде отандық Food Master компаниясын атауға болады, ал одан кейінгі орынды Ресейдің «Гулливер» фабрикасы иеленеді.

1927 жылы ұлы кинорежиссер әрі классик Альфред Хичкоктың алғашқы фильмі айналымға шықты.

1931 жылы әлемдегі алғашқы әрі жалғыз сыған театры - «Ромэн» Мәскеу сыған театры ашылды.

1995 жылы Брюссельде болған кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен НАТО-ның Бас хатшысы Вили Клаес «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Дәл осы күні Брюссельде Қазақстанның Бенилюкс елдеріндегі елшілігінің ашылу салтанаты болып өтті. Оған Қазақстанның мемлекет басшысы және Бельгия королі отбасының мүшелері және үкімет адамдары, осы елде тіркелген басқа елдердің елшілері қатысты.

1996 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң күші бар Жарлығы шықты.

2008 жылы елімізде алғаш рет балалар үйі туралы жазылған кітап жарық көрді. Журналист Светлана Буратайдың «Айналайын» деген атпен шығарған туындысы Талдықорған қаласындағы балалар үйіне арналған. Кітап үш бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде осы шаңырақтың құрылу тарихы, сол үйде қызмет жасап жүрген тәрбиешiлер хақында айтылады.Екiншi бөлiмде балалардың ой-пiкiрлерi, басынан өткен деректi жағдайлар баяндалады. Соңғы бөлiмде балаларға арналған әңгiмелер, ойтамшылар орын алған. «Айналайын» кiтабы Алматы қаласындағы «Кiтап «Дәуiр» баспасынан 1000 данамен жарық көрдi.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға