18-қаңтар
Перудегі Лима аптасы. 1821 жылы Лима қаласы тәуелсіз Перудің астанасы болып жарияланды. Лимада осы күнге дейін сақталып қалған айбынды шiркеулер және испандық бекзадалардың салтанатты жекежайлары, вице-корольдің сарайы бар. 1991 жылы ЮНЕСКО Лиманы адам баласының мәдени мұрасы деп жариялады.
Тунисте төңкеріс күні. Тунистегі жыл сайын қаңтардың 18-інде атап өтетін төңкеріс күні Еске алу күні ретінде де танымал. 1881 жылдан Францияның отарында болып келген Тунисте 1956 жылы ұлттық қозғалыс болып, Франциядан тәуелсiздiк алған.
1934 жылы әлемде алғаш рет тәртіп сақшылары байланыс құралдарына қол жеткізді.
1934 жылы әлемде алғаш рет тәртіп сақшылары байланыс құралдарына қол жеткізді. Ағылшын полициясы қылмыс болған жерден хабар алып тұру үшін сақшыларды қалталы радиотелефондармен қамтамасыз етті.
1934 жылы әлемде алғаш рет тәртіп сақшылары байланыс құралдарына қол жеткізді. Ағылшын полициясы қылмыс болған жерден хабар алып тұру үшін сақшыларды қалталы радиотелефондармен қамтамасыз етті.
1978 жылы «Жұлдыз» журналы «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.
Жұлдыз – республикалық әдеби журнал. Шолпан (1922), Таң (1924) журналдарының ізбасары саналады. Алғашқы саны 1928 жылы жарық көрген. Әр жылдары “Жаңа әдебиет” (1928 – 32), “Жыл құсы”, “Әдебиет майданы” (1932 – 39), “Майдан” (1941 – 45), “Әдебиет және искусство” (1939 – 41 және 1945 – 57) деген атаумен шығып тұрды. 1957 жылдан “Ж” деген атпен шығады.
Журналдың қалыптасуына қазақ әдебиетінің классиктері Б.Майлин, Қ.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов көп еңбек сіңірді. Алғашқы редакторы – С.Сейфуллин. Журналға Ғ.Мүсірепов, З.Қабдолов, Ә.Нұрпейісов, С.Мәуленов, Ш.Мұртаза, Б.Тілегенов, М.Мағауин әр жылдары бас редактор болды. Журналдың “проза”, “поэзия”, “Ислам тағылымы”, “әдеби мұра”, “зерде”, “әдебиеттану”, т.б. бөлімдерінде қазақ ақын-жазушыларының жаңа шығармалары, өнер туындылары, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, өнері мен әдебиетіне қатысты мақалалар жарияланады. Қазақстан суретшілерінің шеберханасынан алынған суреттер жеке беттерде беріліп отырады
1992 жылы «Сөздің пірі - Сүйінбай» атты жаңа ғылыми-танымдық телефильм жарық көрді.
2006 жылы Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында тарихи-тағылымдық «Қазақтар» драмасының премьерасы болды. Қойылымда қазақ халқының өз алдына мемлекет болып қалыптасу кезеңі сөз болып, ал негізгі идеясы - түбі де, тегі де бір түркі әлемінің аласапыран мына заманда қайта тұтасу мақсатын көздейді. Жәнібек ханның рөлінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай әл-Тарази, Керей сұлтанды - Қазақстанға еңбек сіңірген әртіс Айдос Бектемір, Мұхаммед Шайбаниді - Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Біләл, Қасым төрені - Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Асылбек Боранбай, Қойгелді батырды - әртіс Бауыржан Қаптағай сомдады. Қойылым суретшісі - Еркін Әдісбек, композиторы - Әділ Бестібаев.
«ҚазАқпарат»