Жаңалықтар

17-қаңтар

1920 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті «ең ауыр жаза – ату жазасын алып тастауға» қаулы шығарды. Бірақ кейін өлім жазасы КСРО-да қайта енгізілді. 1922 жылы даниялық Кристиан Нельсон шоколадпен көмкерілген балмұздақ текшесіне патент алды. Ол оны «эскимо-пай» – эскимос бүктемесі деп атаған. Бірнеше онжылдықтар өтсе де бұл өнім бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да балалар мен үлкендердің сүйікті тағамдарының біріне айналды. Қазақстандағы балмұздақ нарығы алуан түрлі, мұндай тәттінің дара көшбасшысы ретінде отандық Food Master компаниясын атауға болады, ал одан кейінгі орынды Ресейдің «Гулливер» фабрикасы иеленеді. 1938 жылы Карнеги-холлда джаз әуені алғаш рет орындалды. Джаз салмақты әуен ретінде ұзақ уақыт бойы мойындалмаған болатын. Сондықтан да Карнеги-холлдағы концерт джаздың одан әрі қанат жаюы үшін өте маңызды еді. Бұл концертте Бенни Гудмен мен оның оркестрі өнер көрсетті. Өнер көрсеткендердің ішінде Каунт Бейси мен Дюк Эллингтон да болды. 1992 жылы Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заң қабылдады. 1992 жылы «Zaman - Қазақстан» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газеті республика көлеміндегі экономикалық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси бағыттағы ақпараттарды жан-жақты жазып, Қазақстан халқын хабардар етуде. 1992 жылдан бастап бүгінге дейін өз қызметін жалғастырып келе жатқан басылым Түркия, Орта Азия және төрткүл әлемнен ақпараттар беріп отырады. Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газеті Қазақстанның барлық аймақтарына таралады. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Беларус Республикасына ресми сапары басталды. Сапар барысында бірнеше құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде «Достық пен ынтымақтастық туралы» шарттың орны ерекше. 1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң күші бар Жарлығы шықты. 1960 жылы «Білім және еңбек» деген атпен ғылыми-танымдық журнал жарық көрді. 1989 жылдан «Зерде» деген атаумен шығады. Журнал өз оқырмандарын, оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді отандық және әлемдік ғылым мен білім саласындағы жаңалықтармен таныстырып келеді. Қазақ басылымдарының ішінде алғаш рет әл-Фараби туралы мақала осы журналда жарияланды. Абылай хан мен Әбілқайыр ханның суреттері де тұңғыш рет «Білім және еңбекте» жарық көрді.
21.08.2013 04:46 2932

1920 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті «ең ауыр жаза – ату жазасын алып тастауға» қаулы шығарды. Бірақ кейін өлім жазасы КСРО-да қайта енгізілді.

1922 жылы даниялық Кристиан Нельсон шоколадпен көмкерілген балмұздақ текшесіне патент алды. Ол оны «эскимо-пай» – эскимос бүктемесі деп атаған. Бірнеше онжылдықтар өтсе де бұл өнім бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да балалар мен үлкендердің сүйікті тағамдарының біріне айналды.

Қазақстандағы балмұздақ нарығы алуан түрлі, мұндай тәттінің дара көшбасшысы ретінде отандық Food Master компаниясын атауға болады, ал одан кейінгі орынды Ресейдің «Гулливер» фабрикасы иеленеді.

1938 жылы Карнеги-холлда джаз әуені алғаш рет орындалды. Джаз салмақты әуен ретінде ұзақ уақыт бойы мойындалмаған болатын. Сондықтан да Карнеги-холлдағы концерт джаздың одан әрі қанат жаюы үшін өте маңызды еді. Бұл концертте Бенни Гудмен мен оның оркестрі өнер көрсетті. Өнер көрсеткендердің ішінде Каунт Бейси мен Дюк Эллингтон да болды.

1992 жылы Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заң қабылдады.

1992 жылы «Zaman - Қазақстан» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газеті республика көлеміндегі экономикалық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси бағыттағы ақпараттарды жан-жақты жазып, Қазақстан халқын хабардар етуде. 1992 жылдан бастап бүгінге дейін өз қызметін жалғастырып келе жатқан басылым Түркия, Орта Азия және төрткүл әлемнен ақпараттар беріп отырады.

Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газеті Қазақстанның барлық аймақтарына таралады.

1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Беларус Республикасына ресми сапары басталды. Сапар барысында бірнеше құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде «Достық пен ынтымақтастық туралы» шарттың орны ерекше.

1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң күші бар Жарлығы шықты.

1960 жылы «Білім және еңбек» деген атпен ғылыми-танымдық журнал жарық көрді. 1989 жылдан «Зерде» деген атаумен шығады. Журнал өз оқырмандарын, оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді отандық және әлемдік ғылым мен білім саласындағы жаңалықтармен таныстырып келеді. Қазақ басылымдарының ішінде алғаш рет әл-Фараби туралы мақала осы журналда жарияланды. Абылай хан мен Әбілқайыр ханның суреттері де тұңғыш рет «Білім және еңбекте» жарық көрді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға