Жаңалықтар

5-қаңтар

Беларус әлеуметтiк қорғау қызметкерлерiнiң күні. 1998 жылдың 26 наурызында Беларус Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекітілген. Бұл күн жыл сайын аталып өтіледi.   2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден қызметіндегi ынтымастық және өзара көмек көрсету туралы Шанхай ұйымына мүше-мемлекеттер үкiметтері арасындағы Келiсiмдi ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.   2010 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қызметін насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген ресми веб-сайттың (www.osce2010.kz) таныстырылымы болды. Сайтта барынша кең сілтемелері бар бүгінгі күннің навигациясы және толықмәтінді іздеу жүйесі, сондай-ақ сайттың картасы орналастырылған. Бұған қоса сайтта медиа кітапхана мен дыбыс-бейне электронды құжаттармен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған.   2010 жылы  Дубай әмірлігінің   билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашед Әл Мақтұм  әлемдегі ең биік ғимаратты салатанатты түрде ашты. Бүкіл әлемге «Дубай  мұнарасы» ретінде танылып келген нысан ресми ашылғаннан кейін Біріккен Араб Әмірлігінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның құрметіне «Бурдж Халифа» деп аталатын болды. Биіктігі 825 метрге жететін (кейбір деректерде 828)бұл мұнара әлемдегі ең биік және ең көпқабатты құрылыс, ең биік тұрғын үй ғимараты және әлемдегі ең биік тамашалау алаңы бар нысан (мұнараның 124-ші және 160-шы қабаттарда тамашалау алаңдары орналасқан) санаттары бойынша бірінші жүлде алып отыр. Мұнараның төменгі қабаттарында «Армани» қонақүйі, 19-шы және 108-ші қабаттардың аралығында 900 апартамент, ал одан жоғары қабаттарда корпоративтік кеңселер орналастырылған.   2010 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қызметін насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген ресми веб-сайттың (www.osce2010.kz) таныстырылымы болды. Сайтта барынша кең сілтемелері бар бүгінгі күннің навигациясы және толықмәтінді іздеу жүйесі, сондай-ақ сайттың картасы орналастырылған. Бұған қоса сайтта медиа кітапхана мен дыбыс-бейне электронды құжаттармен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған. 1948 жылы Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Президент сыйлығының, Баубек Бұл­қышев атындағы сыйлық­тың лауреаты Ержұман Смайыл дүниеге келді.  Ол Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі болып бастаған. 1979-1987 жылдары - «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті редактордың орынбасары. 1987-2003 жылдары - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орын­басары, бас редакторының бірінші орынбасары, бас редак­торы. 2003-2010 жылдары «Егемен Қазақстан» респуб­ликалық газеті» ашық акционерлік қоғамының пре­зиденті, вице-президенті қызметін атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
21.08.2013 04:16 3020

Беларус әлеуметтiк қорғау қызметкерлерiнiң күні. 1998 жылдың 26 наурызында Беларус Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекітілген. Бұл күн жыл сайын аталып өтіледi.

 

2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден қызметіндегi ынтымастық және өзара көмек көрсету туралы Шанхай ұйымына мүше-мемлекеттер үкiметтері арасындағы Келiсiмдi ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

 

2010 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қызметін насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген ресми веб-сайттың (www.osce2010.kz) таныстырылымы болды.

Сайтта барынша кең сілтемелері бар бүгінгі күннің навигациясы және толықмәтінді іздеу жүйесі, сондай-ақ сайттың картасы орналастырылған. Бұған қоса сайтта медиа кітапхана мен дыбыс-бейне электронды құжаттармен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған.

 

2010 жылы  Дубай әмірлігінің   билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашед Әл Мақтұм  әлемдегі ең биік ғимаратты салатанатты түрде ашты. Бүкіл әлемге «Дубай  мұнарасы» ретінде танылып келген нысан ресми ашылғаннан кейін Біріккен Араб Әмірлігінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның құрметіне «Бурдж Халифа» деп аталатын болды. Биіктігі 825 метрге жететін (кейбір деректерде 828)бұл мұнара әлемдегі ең биік және ең көпқабатты құрылыс, ең биік тұрғын үй ғимараты және әлемдегі ең биік тамашалау алаңы бар нысан (мұнараның 124-ші және 160-шы қабаттарда тамашалау алаңдары орналасқан) санаттары бойынша бірінші жүлде алып отыр. Мұнараның төменгі қабаттарында «Армани» қонақүйі, 19-шы және 108-ші қабаттардың аралығында 900 апартамент, ал одан жоғары қабаттарда корпоративтік кеңселер орналастырылған.

 

2010 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қызметін насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген ресми веб-сайттың (www.osce2010.kz) таныстырылымы болды.

Сайтта барынша кең сілтемелері бар бүгінгі күннің навигациясы және толықмәтінді іздеу жүйесі, сондай-ақ сайттың картасы орналастырылған. Бұған қоса сайтта медиа кітапхана мен дыбыс-бейне электронды құжаттармен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған.

1948 жылы Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Президент сыйлығының, Баубек Бұл­қышев атындағы сыйлық­тың лауреаты Ержұман Смайыл дүниеге келді.  Ол Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі болып бастаған. 1979-1987 жылдары - «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті редактордың орынбасары. 1987-2003 жылдары - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орын­басары, бас редакторының бірінші орынбасары, бас редак­торы. 2003-2010 жылдары «Егемен Қазақстан» респуб­ликалық газеті» ашық акционерлік қоғамының пре­зиденті, вице-президенті қызметін атқарған.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға