Жаңалықтар

Астанада 11 мыңнан астам мұғалім еңбек етеді - тамыз конференциясы

Жаңа оқу жылы әрбір педагогтық ұжымның өміріндегі жаңа кезең. Дәстүрлі тамыз жиналысы еліміздегі мұғалімдердің пікір алмасып, алдағы оқу жылының бағыт-бағдарын анықтап алатын маңызды басқосуы болып табылады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Конгресс-Холл сарайында «Сапалы білім мен тәрбие беру - Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбында өткен педагог қызметкерлердің тамыз жиналысында Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Әсима Бимендина айтты. «Соңғы 15 жыл ішінде Астанада және елімізде білім саласының дамуы үшін көптеген игі шаралар қабылданды. Елордадағы білім беру ұйымдары едәуір ұлғайып, бүгінде 280 нысанға жетті. Сондай-ақ, мұндағы мұғалімдердің саны 11 142-ге жетті», - деп атап өтті Ә. Бимендина. Оның айтуынша, Астанадағы білім беру саласына бөлінетін қаражат та айтарлықтай өскен. «Бүгінде білім беру жүйесіне бөлінетін қаражат 19 млрд. теңгеге жетіп отыр. Сонымен қатар, жоғары санатты ұстаздардың жалақылары арту үстінде. Жалпы алғанда елордадағы білім сапасының да өсу қарқыны жақсы нәтижелер көрсетуде», - деді ол. Айта кету керек, жиналысқа Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова, депутаттар, елорда аудандарының әкімдері, ЖОО басшылары, ардагер ұстаздар және тағы басқалары қатысты. ҚазАқпарат.
20.08.2013 08:24 2986

Жаңа оқу жылы әрбір педагогтық ұжымның өміріндегі жаңа кезең.

Дәстүрлі тамыз жиналысы еліміздегі мұғалімдердің пікір алмасып, алдағы оқу жылының бағыт-бағдарын анықтап алатын маңызды басқосуы болып табылады.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Конгресс-Холл сарайында «Сапалы білім мен тәрбие беру - Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбында өткен педагог қызметкерлердің тамыз жиналысында Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Әсима Бимендина айтты.

«Соңғы 15 жыл ішінде Астанада және елімізде білім саласының дамуы үшін көптеген игі шаралар қабылданды. Елордадағы білім беру ұйымдары едәуір ұлғайып, бүгінде 280 нысанға жетті. Сондай-ақ, мұндағы мұғалімдердің саны 11 142-ге жетті», - деп атап өтті Ә. Бимендина.

Оның айтуынша, Астанадағы білім беру саласына бөлінетін қаражат та айтарлықтай өскен.

«Бүгінде білім беру жүйесіне бөлінетін қаражат 19 млрд. теңгеге жетіп отыр. Сонымен қатар, жоғары санатты ұстаздардың жалақылары арту үстінде. Жалпы алғанда елордадағы білім сапасының да өсу қарқыны жақсы нәтижелер көрсетуде», - деді ол.

Айта кету керек, жиналысқа Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова, депутаттар, елорда аудандарының әкімдері, ЖОО басшылары, ардагер ұстаздар және тағы басқалары қатысты.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға