Жаңалықтар

Нил Леннон, «Селтик» командасының бас бапкері: «Мақсат – бүгінгі ойында жеңі

 Бүгін елордадағы «Астана арена» стадионында қарағандылық «Шахтер мен шотландық «Селтик» командалары кездеседі. Жауапты мач алдында «Селтиктің» бас бапкері Нила Леннон бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Баспасөз-мәслихаты барысында бас бапкер «Шахтердың» нағыз бабында екенін алға тартып, бүгінгі кездесу шотландықтарға оңайға түспейтінін де атап өтті.Нила Леннон әңгіменің әлқиссасын Қазақстан елордасы Астана қаласы жайлы бастады. «Бізге Астана қатты ұнады. Ауа-райы бәрі көңілімізден шықты. Қазір футболшылар қызу дайындық үстінде»,-деп жылы жымиды. Шетелдік журналист: «Қазақ халқында жауапті істі қолға алмас бұрын, қой соятын ғұрып бар көрінеді. Сіздер қандай наным-сенімге иек артпақсыздар деген сауалына Нил Леннон: «Шотландықтардың өздері берік ұстанатын наным-сенімдері бар. Бізде бұдан қалыс қалмаймыз»,-деп қысқа қайырды. «Біз бүгінгі кездесуге үлкен дайындықпен келдік. Әзірлік кезінде сіздердің командаларыңыздың бірқатар ойындарын қарап шықтық. Соның ішінде «Шахтер» мен «Астана» командалары арасында болған мачты толық тамашаладық. Бүгін бірінші кездесу қарсыластармыздың алаңында өткелі отыр. Басты мақсат – бүгінгі ойында жеңіске жету»,-деді. «Шахтер» командасының бас бапкері Виктор Кумыков журналистерге берген сұхбатында: «Егер «Шахтер» «Селтик» командасын жеңетін болса, темекіні тастаймын деп уәде берген болатын. Тілшілер қауымы шотландық бапкерге: «сіздің командаңыз жеңіс тұғырына көтерілсе, өміріңізге қандай да бір өзгеріс енгізесіз бе».- деген сауалдарына: «Мен Виктор мырзаның темекі тастаймын дегеніне қатты таң қалдым. Өзім шылым шекпеймін. Бірақ алкогольді ішімдіктен бас тарта алмаймын», -деп ағынан жарылды.   Индира БАЙҚОНЫСОВА
20.08.2013 05:49 3427

 Бүгін елордадағы «Астана арена» стадионында қарағандылық «Шахтер мен шотландық «Селтик» командалары кездеседі. Жауапты мач алдында «Селтиктің» бас бапкері Нила Леннон бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Баспасөз-мәслихаты барысында бас бапкер «Шахтердың» нағыз бабында екенін алға тартып, бүгінгі кездесу шотландықтарға оңайға түспейтінін де атап өтті.Нила Леннон әңгіменің әлқиссасын Қазақстан елордасы Астана қаласы жайлы бастады. «Бізге Астана қатты ұнады. Ауа-райы бәрі көңілімізден шықты. Қазір футболшылар қызу дайындық үстінде»,-деп жылы жымиды. Шетелдік журналист: «Қазақ халқында жауапті істі қолға алмас бұрын, қой соятын ғұрып бар көрінеді. Сіздер қандай наным-сенімге иек артпақсыздар деген сауалына Нил Леннон: «Шотландықтардың өздері берік ұстанатын наным-сенімдері бар. Бізде бұдан қалыс қалмаймыз»,-деп қысқа қайырды.


«Біз бүгінгі кездесуге үлкен дайындықпен келдік. Әзірлік кезінде сіздердің командаларыңыздың бірқатар ойындарын қарап шықтық. Соның ішінде «Шахтер» мен «Астана» командалары арасында болған мачты толық тамашаладық. Бүгін бірінші кездесу қарсыластармыздың алаңында өткелі отыр. Басты мақсат – бүгінгі ойында жеңіске жету»,-деді.

«Шахтер» командасының бас бапкері Виктор Кумыков журналистерге берген сұхбатында: «Егер «Шахтер» «Селтик» командасын жеңетін болса, темекіні тастаймын деп уәде берген болатын. Тілшілер қауымы шотландық бапкерге: «сіздің командаңыз жеңіс тұғырына көтерілсе, өміріңізге қандай да бір өзгеріс енгізесіз бе».- деген сауалдарына: «Мен Виктор мырзаның темекі тастаймын дегеніне қатты таң қалдым. Өзім шылым шекпеймін. Бірақ алкогольді ішімдіктен бас тарта алмаймын», -деп ағынан жарылды.

 

Индира БАЙҚОНЫСОВА
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға