Жаңалықтар

Еуразия бiрiншi арнасы мен Ұлттық музей ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астанада бүгін Еуразия бiрiншi арнасы мен Ұлттық музей ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Астанада Ұлттық музей салынып жатқаны белгiлi. Ол бiздiң тәуелсiздiгiмiздiң бiр атрибуты десек те болады. Өйткенi, кез келген өркениеттi мемлекеттiң өткенiн, бүгiнi және болашағын танытатын сондай музейдiң болуы қажет», -дедi Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай.  Ауданы 73 мың шаршы метрден асатын музейдiң басты мiндетi Қазақстанның өткенiн, бүгiнi мен болашағын тек қана елiмiздiң азаматтарына ғана емес, шетелдiк қонақтарға да таныстыру болмақ. Музейдiң ғимаратын жобалауға шетелдiк архитекторлар, Оңтүстiк Корея мамандары жұмылдырылған. Дархан Мыңбай Ұлттық музейдiң құрылысы жоспарға сәйкес жүргiзiлiп жатқанын жеткiздi. «Жүргiзiлiп жатқан жұмысты елге көрсету үшiн Еуразия арнасымен меморандумға қол қоюды жөн деп таптық. Музейдiң iшкi жұмысы басталып та кеттi. Жақында ғана бiз мемлекеттік тiркеуден өттiк, музей жарғысы бекiтiлдi», - деп атап өттi ол. «Еуразия бiрiншi арнасы жоғары рейтингке ие арналардың бiрi. Кейiнгi кезде бiздiң арнаның ақпарттық саясатында түбегейлi жақсы өзгерiстер болып жатыр. Олардың негiзi қазақстандық iшкi контенттi арттыруға бағытталған. Соның iшiнде қазақ тiлiндегi жаңалықтар болсын, сараптамалық бағдарламалар болсын көп жобаларды іске асырып жатырмыз. Ең iрi жеңiстерiмiздiң бiрi – Елбасы туралы деректi фильм, Қасым Қайсенов туралы сериял түсірдік. Сонымен қатар, Ұлттық музей басшыларымен кездесiп, осындай ұсыныс жасадық. Бiздiң арна музейдiң қалыптасу сәттерiн, іске қосылғаннан кейінгі жұмысын көрсетуге дайын», - дедi арна директорының бiрiншi орынбасары Мұхтар Ерман. Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА, суреттерді Әділбек ТӘУЕКЕЛОВ түсірген
19.08.2013 09:59 4114

Астанада бүгін Еуразия бiрiншi арнасы мен Ұлттық музей ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Астанада Ұлттық музей салынып жатқаны белгiлi. Ол бiздiң тәуелсiздiгiмiздiң бiр атрибуты десек те болады. Өйткенi, кез келген өркениеттi мемлекеттiң өткенiн, бүгiнi және болашағын танытатын сондай музейдiң болуы қажет», -дедi Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай. 

Ауданы 73 мың шаршы метрден асатын музейдiң басты мiндетi Қазақстанның өткенiн, бүгiнi мен болашағын тек қана елiмiздiң азаматтарына ғана емес, шетелдiк қонақтарға да таныстыру болмақ. Музейдiң ғимаратын жобалауға шетелдiк архитекторлар, Оңтүстiк Корея мамандары жұмылдырылған. Дархан Мыңбай Ұлттық музейдiң құрылысы жоспарға сәйкес жүргiзiлiп жатқанын жеткiздi.

«Жүргiзiлiп жатқан жұмысты елге көрсету үшiн Еуразия арнасымен меморандумға қол қоюды жөн деп таптық. Музейдiң iшкi жұмысы басталып та кеттi. Жақында ғана бiз мемлекеттік тiркеуден өттiк, музей жарғысы бекiтiлдi», - деп атап өттi ол.

«Еуразия бiрiншi арнасы жоғары рейтингке ие арналардың бiрi. Кейiнгi кезде бiздiң арнаның ақпарттық саясатында түбегейлi жақсы өзгерiстер болып жатыр. Олардың негiзi қазақстандық iшкi контенттi арттыруға бағытталған. Соның iшiнде қазақ тiлiндегi жаңалықтар болсын, сараптамалық бағдарламалар болсын көп жобаларды іске асырып жатырмыз. Ең iрi жеңiстерiмiздiң бiрi – Елбасы туралы деректi фильм, Қасым Қайсенов туралы сериял түсірдік. Сонымен қатар, Ұлттық музей басшыларымен кездесiп, осындай ұсыныс жасадық. Бiздiң арна музейдiң қалыптасу сәттерiн, іске қосылғаннан кейінгі жұмысын көрсетуге дайын», - дедi арна директорының бiрiншi орынбасары Мұхтар Ерман.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА, суреттерді Әділбек ТӘУЕКЕЛОВ түсірген
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға