З.Шәукенова: Тарихи зерттеулерде әлеуметтік әдістерді қолдану қажет
19.08.2013 09:53
3473
Оның сөзіне қарағанда, зерттеулерде ұғынықты социологияның әдісін қолдануға болады.
«Ұғынықты социология бізге нақты тарихи кезеңдегі ойлау құралдарын ұсынып, оның сан алуан ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік-психологиялық климат тұрғысынан келгенде ең алдымен адамдар арасындағы қарым-қатынастар құрылымын анықтайды», - деп атап өтті З. Шәукенова.
Сонымен қатар, Шәукенованың айтуынша, қазір тарихи зерттеулердің проблемасы сол олар сана-сезімді зерттемейді, тек заң жүйелері, элитаның қызметі, ірі қоғамдық оқиғалар мен соғыстар шеңберінде шектеледі. Оның пікірінше, бүгінде рухты көтеретін ұғынықты зерттеулер керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға