Жаңалықтар

Елордалық инспекторлар бір аптада 5 мыңнан астам ЖҚЕ бұзу оқиғасын тіркеді

Астанада өткен аптада жол полициясы инспекторлары жол қозғалысы ережесін бұзудың 5,5 мыңнан астам оқиғасын тіркеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Жол полициясы басқармасынан хабарлады.  «Соның ішінде 68 жүргізуші ішімдік ішіп көлік басқарса, 311-і жылдамдықты шамадан тыс асырған, 341 адам қауіпсіздік белдігін тақпаған, басып озу және маневр жасау ережелерін бұзған 623 жүргізуші мен рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған 658 жаяу жүргінші ұсталды», - делінген ақпаратта.   Бұдан басқа, Астанада 15 жол-көлік оқиғасы орын алып, 16 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Астана қаласы Жол полициясы басқармасының атап өтуінше, жол қозғалысының тәртібі барлық қатысушылардың келісілген іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі. Сондықтан әрдайым және кез-келген жағдайда жол қозғалысы ережелерінің талаптарын, белгілерін, таңбаларын қатаң сақтап, бағдаршамдардың белгілеріне бағыну керек. astana.kz
19.08.2013 09:36 2917

Астанада өткен аптада жол полициясы инспекторлары жол қозғалысы ережесін бұзудың 5,5 мыңнан астам оқиғасын тіркеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Жол полициясы басқармасынан хабарлады. 

«Соның ішінде 68 жүргізуші ішімдік ішіп көлік басқарса, 311-і жылдамдықты шамадан тыс асырған, 341 адам қауіпсіздік белдігін тақпаған, басып озу және маневр жасау ережелерін бұзған 623 жүргізуші мен рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған 658 жаяу жүргінші ұсталды», - делінген ақпаратта.  
Бұдан басқа, Астанада 15 жол-көлік оқиғасы орын алып, 16 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Астана қаласы Жол полициясы басқармасының атап өтуінше, жол қозғалысының тәртібі барлық қатысушылардың келісілген іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі. Сондықтан әрдайым және кез-келген жағдайда жол қозғалысы ережелерінің талаптарын, белгілерін, таңбаларын қатаң сақтап, бағдаршамдардың белгілеріне бағыну керек.

astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға