Елордада хирургиялық операция барысы трансляцияланады
19.08.2013 09:34
3154
22-24 тамызда Астанада № 1 қалалық емхана мен Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының базасында шеберлік сыныптары мен көрнекі операциялар өткізіледі. Съез жұмысына Ресей, Өзбекстан, Литва, Израиль, Германия және Қазақстан елдерінің халықаралық сарапшылары қатысады. Қазақстанның қан тамырлары хирургтері қоғамының алғашқы съезі түрлі емдеу әдістерінің нәтижелерін бағалауға және салыстыруға, қан тамырлары ауруларын емдеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен, стратегиясымен және тактикасымен танысуға мүмкіндік береді. Аталған іс-шара барысында қазақстандық және шетелдік жетекші мамандардан шынайы ақпарат алып, теориялық және іс жүзінде тәжірибе алмасуға болады.
astana.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматинка завоевала титул «мисс бикини СНГ-2013»
Келесі жаңалық
Қызметтік ит ұландықтарға есірткі табуға көмектесті