Киевтіктер Ресей шоколадын өртеді
19.08.2013 03:46
2297
РФ-ның Киевтегі елшілігі ғимаратында Ресейдің украиндық тауарларды импорттауды шектеуіне қарсылық акциясы өтті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Іс-шараны украиндық «Наступ» комитетінің белсенділері ұйымдастырған. Акцияға қатысушылар ел билігін РФ-ның іс-қимылына жауап беруге, дәлірек айтқанда, ресейлік өнімдерге тыйым салуға шақырды.
Олар өз сөздеріне дәлел ретінде ресейлік өндіріске тиесілі бірқатар өнімдерді көпшілік көзінше өртеді. Әсіресе, орыс шоколадтарының плиткалары мен шайына баса назар аударылды.
Сондай-ақ, өнімдердің күлі елшілік табалдырығына шашылып тасталды.
Baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ученые составили формулу счастья
Келесі жаңалық
Оралда ауыр жүк көлігі мектеп ғимаратына соғылды