Жаңалықтар

104 жастағы кейуана биіктіктен секіруден рекорд орнатты

Бразилияның 104 жастағы тұрғыны парашютпен секірген ең қарт әйел ретінде Гиннес рекордын орнатты. Бұл туралы LifeNews.ru хабарлады. «Бразилияның 104 жастағы тұрғыны Аида Мендес парашютпен тағы бір мәрте секіріп, өзінің туғандарын ғана емес, жаттықтырушыларды да таңғалдырды. Бұл үшінші секіру, ол спорттың экстремалды түрімен 100 жасынан айналыса бастады», - делінген таратылған хабарда. Аида жаттықтырушымен бірге секірді, көкте қалықтау уақыты 6 минутты құрады. Олар жерге қонған соң «парашют спортындағы ұзақ өмір сүрушінің рекорды» тіркелді. ҚазАқпарат.
19.08.2013 03:20 2891

Бразилияның 104 жастағы тұрғыны парашютпен секірген ең қарт әйел ретінде Гиннес рекордын орнатты. Бұл туралы LifeNews.ru хабарлады.

«Бразилияның 104 жастағы тұрғыны Аида Мендес парашютпен тағы бір мәрте секіріп, өзінің туғандарын ғана емес, жаттықтырушыларды да таңғалдырды. Бұл үшінші секіру, ол спорттың экстремалды түрімен 100 жасынан айналыса бастады», - делінген таратылған хабарда.

Аида жаттықтырушымен бірге секірді, көкте қалықтау уақыты 6 минутты құрады. Олар жерге қонған соң «парашют спортындағы ұзақ өмір сүрушінің рекорды» тіркелді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға