Жаңалықтар

Головкин мен Стивенс жекпе-жек жөнінде алдын ала келісімге қол жеткізді

WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Кертис Стивенс жекпе-жекті өткізу жөнінде алдын ала келісімге келді. Айқас ағымдағы жылдың 2 қарашасында өтуі тиіс, деп хабарлайды Boxing.ru. Егер боксшылардың командалары барлық шарттар бойынша келісімге қол жеткізсе, онда Головкин мен Стивенстің кездесуі 2 қараша күні өтеді және ол НВО телеарнасында көрсетіледі. Айта кетейік, бастапқыда Стивенстің мүддесіне өкілдік ететін Main Events компаниясы америкалық боксшыға айқас үшін 300 мың доллар көлемінде қаламақы ұсынған Головкиннің промоутері – Том Леффлердің ұсынысынан бас тартқан болатын. Еске салайық, Головкин 30 маусым күні өткен өзінің соңғы жекпе-жегінде британдық Мэттью Маклинді нокаутқа жіберіп, WBA нұсқасы бойынша өзінің әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Ал Стивенс 4 тамыз күні болған кездесуде мексикалық Сауль Романды бірінші раундта-ақ жеңген болатын. ҚазАқпарат.
18.08.2013 11:04 2827

WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Кертис Стивенс жекпе-жекті өткізу жөнінде алдын ала келісімге келді.

Айқас ағымдағы жылдың 2 қарашасында өтуі тиіс, деп хабарлайды Boxing.ru.
Егер боксшылардың командалары барлық шарттар бойынша келісімге қол жеткізсе, онда Головкин мен Стивенстің кездесуі 2 қараша күні өтеді және ол НВО телеарнасында көрсетіледі.
Айта кетейік, бастапқыда Стивенстің мүддесіне өкілдік ететін Main Events компаниясы америкалық боксшыға айқас үшін 300 мың доллар көлемінде қаламақы ұсынған Головкиннің промоутері – Том Леффлердің ұсынысынан бас тартқан болатын.
Еске салайық, Головкин 30 маусым күні өткен өзінің соңғы жекпе-жегінде британдық Мэттью Маклинді нокаутқа жіберіп, WBA нұсқасы бойынша өзінің әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Ал Стивенс 4 тамыз күні болған кездесуде мексикалық Сауль Романды бірінші раундта-ақ жеңген болатын.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға