Қызылордада «Сыр үміті» сыйлығының жаңа иегерлері анықталды
Жаңа лауреаттарды таныстырып, сыйлықтарды тапсыру рәсімі 15 тамыз күні болып өтті. Оны облыстық жастар саясаты басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы бірлесіп өткізді.
«Сыр үміті» сыйлығы 2011 жылдан бері тағайындалып келеді. Ол облыстың дамуына үлес қосып жүрген болашағынан мол үміт күттіретін жастар үшін тағайындалған. Сыйлық 17 пен 29 жас аралығындағы жас буынды қамтып, 18 аталым бойынша беріледі. Ал үстіміздегі жылы оны 10 жас үміт алып отыр. Бұлардың арасында спортшы, көңілді тапқырлар клубының ойыншысы, журналист, дәрігер, мұғалім, қоғамдық белсенді, мемлекеттік қызметкер, мұнайшы және кеденші бар.
Сыйлық тапсыру салтанатын ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналғандарды халықаралық жастар күнімен құттықтады.
ҚазАқпарат.