Жетістіктері
Сонымен қатар 1997 жылы «Достастық кубогы» мен Азия чемпиондар лигасында бақтарын сынады. Осыдан соң, «Тараз» қаржылық қиындықтарға тап болып, ойыншылары өзге командаларды жағалай бастады. Олег Воскобойников, Нүркен Мәзбаев, Азамат Ниязымбетов сияқты ойыншылар «Қайсарға» ауысады. Қызылорданың командасына бірі ірі компания демеушілік жасап, қаржылық жағдайы жақсарған болатын. Құрамы еліміздегі танымал футболшылармен толыққан сыр елінің командасы 1998жылы төртінші орынға табан тіреді. Қазақстан кубогында жартылай финалға дейін жетті. Дегенмен 1999 жылы алдыңғы жылғы кеткен олқылықтың орны толып, Қазақстан кубогы Қызылордаға бұйырды. Бұл маусымда Воит Талгаев шәкірттері мәреге бесінші болып келді. «Қайсарға» қос жылын арнаған футболшы 2000 жылы Астанадан шақырту алады. «Жеңіске» барған жылы астаналық команда ел чемпионы атанды. Әрине чемпиондық оңайшылықпен келген жоқ. Мәреге үзеңгі қағыстырып келген қос қарсылас «Аксесс-Голден-Грейн» мен «Жеңіс» арасында Алматыда «Алтын матч» ойнатылды. Елордалық команда сол ойында 2:0 есебімен басым түсті. Маусым қорытындысы бойынша Азамат Ниязымбетов жылдың «ең үздік жартылай қорғаушысы» болды. 2001 жылы «Атыраудың» тізгінін Воит Талгаев ұстайды. Талгаев өзіне жақсы таныс Азаматты батыс командасына алдырады. «Тараз» бен «Қайсарда», Воиттың сүйікті ойыншыларының бірі болған Азамат «Атыраумен» ел біріншілігінде күмісін олжалады. 2002 жылы қостанайлық «Тобылдың» бас бапкерлігіне Рафик Огнесофич Балбабян келген соң, Андрей Шкурин. Данияр Мұканов, Алексей Герасимов, Нүркен Мәзбаев және Азамат Ниязымбетовті де шақырады. Алдарына үлкен мақсат қойған «Тобыл» сол жылы біріншілікті үшінші болып аяқтайды. Бірақ, Азамат 2003 жылы «Тобылдан» кетуге мәжбүр болады. Командаға бас бапкерлікке келген Владимир Мұханов жаңа ойыншыларды шақырып, көптеген ойыншылармен қош айтысуға бел буады. Осы тізімде болған Азамат бірден қарағандылық «Шахтерге» ауысып кетеді. 2004 жылы отызға келген тәжірибелі футболшы туған командасына қайта оралуға бел буады. Азамат, Нүркен сияқты даңқты футболшылары қайта оралған «Тараз» тұңғыш рет Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Азамат 2004-2007 жылдары аралығында «Таразда» ойнап, футболдағы карьерасын туған жерінде аяқтады.
Ұлттық құрамада
Алғашқы ойынын 1995 жылы Қытайға қарсы өткізді. Ұлттық құрама сапында 1995-2000 жылдар аралығында 17 кездесу өткізген.
Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, бапкерлікке бет бұрды. Өзімен бірге жасыл алаңда тер төккен Нұрмат Мырзабаев екеуі қазіргі кезде «Тараз» клубының бас бапкері Арно Пайперстің көмекшілері.
Жетістіктері:
Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1996,2000 жылы
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1995, 1997, 2001 жылдары
Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2002 жылы
Қазақстан кубогының иегері: 1999,2004 жылдары
Қазақстанның ең үздік орталық жартылай қорғаушысы: 2000 жылы
Үздік 33 футболшының қатарына бірнеше мәрте енген.
Бек Төлеуов «Sport»