Жаңалықтар

Ұлттық құрамада

Ал келесі жылы команданың кезекті бір жұлдызы кезеңі басталды. Кереуліктердің тізгінін еліміздегі танымал мамандардың бірі Дмиртий Огай ұстады. Огайдың келуімен «Ертістің» ойыны қайта жандана бастады. Алғашқы жылы  «Ертіс» Қазақстан чемпионатында топ жарды. Кубок жолындағы бәсекеде ақтық сынға шықты. Өкінішке орай, финалда ұтылып қалды. Юрий Новиков болса, Қазақстанның «ең үздік қақпашысы» атанды. Келесі жылы ол үшін тағы сәтті өтті. «Ертіс» қатарынан екінші рет, өз тарихында бесінші ел чемпионы болды. Новиковты Қазақстан футбол федерациясы «жылдың үздік футболшысы, әрі ең үздік қақпашысы» деп таныды. Сол жылы Павлодарлық команда чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынаған болатын. Қос ойын қорытындысы бойынша кипрлік «Омония» келесі кезеңге өтті. Ал 2004 жылы үш жыл қатарынан чемпион болуға «Ертістің» шамасы жетпесе де, жүлдеден құр қалған жоқ. «Қайрат» чемпион болған жылы Павлодарлықтар күмісті місе тұтты. Осыдан соң, Дмиртий Огай қызметінен кетті. Оның орнына Сергей Волгин келді. Волгин жаттықтырған үш жылдың ішінде команда тиісінше, алтыншы, бесінші, төртінші орындардан көрініп, жүлделі орындардан құр қалды. Новиков  «Ертістен» кеткен соң, 2006 жылы «Шахтерде», 2007 жылы «Жетісуда» өнер көрсетті. Сол жылы ойынды ақша үшін сатты деген айып тағылды. Осыдан кейін карьерасын аяқтауға шешім қабылдайды. Ұлттық құрамада Ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын 2001 жылы Непалға қарсы өткізді. Бұл ойында жерлестеріміз 6:0 есебімен жеңіске жетіп, қақпашымыз дебюттік кездесуін сәтті өткізді. Бұл ойын негізі  2002 жылғы әлем чемпионатымен іріктеу раунды болатын. Макао, Непалды қарсылас құрлы көрмеген Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары Иракпен тең тарқасты. Екінші іріктеу кезеңіне соғылған голдарының санына байланысты өте алмай қалды. Әйтпесе, Иракпен жинаған ұпайларымыз бірдей болған еді. Одан кейін 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына қатысты. Жалпы 2001-2006 жылдар аралығында 26 рет ұлттық құраманың жидесін киіп шыққан. Карьерасын аяқтақтап, қолғабы мен бутсысын шегеге ілген соң, бапкерлікке бет бұрады. Өзінің бұрынғы бапкері болған Дмитрий Огайдың шақыруымен 2008-2009 жылдары «Тобылдың» қақпашыларын дайындайды. Одан кейін «Тараз», «Қайрат» командаларының да қақпашыларын жаттықтырды. Қазіргі кезде ресейлік «Нефтехимик» командасының  қақпашыларын жаттықтыру Юрийдің мойынында. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2002,2003 жылдары Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004 жылы Қазақстан кубогының финалисті: 2002 жылы Азия чемпиондар лигасының жартылай финалисті: 2001жылы Қазақстанның үздік ойыншысы: 2003 жылы Қазақстанның үздік қақпашысы: 2002,2003 жылы Жағажай футболынан Қазақстан суперкубогының иегері: 2010 жылы   Бек Төлеуов «Sport»  
16.08.2013 03:10 3555

Ал келесі жылы команданың кезекті бір жұлдызы кезеңі басталды. Кереуліктердің тізгінін еліміздегі танымал мамандардың бірі Дмиртий Огай ұстады. Огайдың келуімен «Ертістің» ойыны қайта жандана бастады. Алғашқы жылы  «Ертіс» Қазақстан чемпионатында топ жарды. Кубок жолындағы бәсекеде ақтық сынға шықты. Өкінішке орай, финалда ұтылып қалды. Юрий Новиков болса, Қазақстанның «ең үздік қақпашысы» атанды. Келесі жылы ол үшін тағы сәтті өтті. «Ертіс» қатарынан екінші рет, өз тарихында бесінші ел чемпионы болды. Новиковты Қазақстан футбол федерациясы «жылдың үздік футболшысы, әрі ең үздік қақпашысы» деп таныды. Сол жылы Павлодарлық команда чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынаған болатын. Қос ойын қорытындысы бойынша кипрлік «Омония» келесі кезеңге өтті. Ал 2004 жылы үш жыл қатарынан чемпион болуға «Ертістің» шамасы жетпесе де, жүлдеден құр қалған жоқ. «Қайрат» чемпион болған жылы Павлодарлықтар күмісті місе тұтты. Осыдан соң, Дмиртий Огай қызметінен кетті. Оның орнына Сергей Волгин келді. Волгин жаттықтырған үш жылдың ішінде команда тиісінше, алтыншы, бесінші, төртінші орындардан көрініп, жүлделі орындардан құр қалды. Новиков  «Ертістен» кеткен соң, 2006 жылы «Шахтерде», 2007 жылы «Жетісуда» өнер көрсетті. Сол жылы ойынды ақша үшін сатты деген айып тағылды. Осыдан кейін карьерасын аяқтауға шешім қабылдайды.

Ұлттық құрамада

Ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын 2001 жылы Непалға қарсы өткізді. Бұл ойында жерлестеріміз 6:0 есебімен жеңіске жетіп, қақпашымыз дебюттік кездесуін сәтті өткізді. Бұл ойын негізі  2002 жылғы әлем чемпионатымен іріктеу раунды болатын. Макао, Непалды қарсылас құрлы көрмеген Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары Иракпен тең тарқасты. Екінші іріктеу кезеңіне соғылған голдарының санына байланысты өте алмай қалды. Әйтпесе, Иракпен жинаған ұпайларымыз бірдей болған еді. Одан кейін 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына қатысты. Жалпы 2001-2006 жылдар аралығында 26 рет ұлттық құраманың жидесін киіп шыққан.

Карьерасын аяқтақтап, қолғабы мен бутсысын шегеге ілген соң, бапкерлікке бет бұрады. Өзінің бұрынғы бапкері болған Дмитрий Огайдың шақыруымен 2008-2009 жылдары «Тобылдың» қақпашыларын дайындайды. Одан кейін «Тараз», «Қайрат» командаларының да қақпашыларын жаттықтырды. Қазіргі кезде ресейлік «Нефтехимик» командасының  қақпашыларын жаттықтыру Юрийдің мойынында.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2002,2003 жылдары

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004 жылы

Қазақстан кубогының финалисті: 2002 жылы

Азия чемпиондар лигасының жартылай финалисті: 2001жылы

Қазақстанның үздік ойыншысы: 2003 жылы

Қазақстанның үздік қақпашысы: 2002,2003 жылы

Жағажай футболынан Қазақстан суперкубогының иегері: 2010 жылы

 

Бек Төлеуов «Sport»

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға