Жаңалықтар

«Жақсы қақпашы – жарты команда»

«Жақсы қақпашы – жарты команда». Бұл сөз кезінде үш жыл Қазақстанның үздік қақпашысы болған, 2003 жылғы Қазақстанның үздік ойыншысы атанған Юрий Новиковке қаратылып айтылғандай. Юрий Новиков 1972 жылы, 19 мамырда дүниеге келген. Ол алдымен «семсерлесу» спортымен айналысады. Спорттың бұл түрімен шұғылдануына үлкен ағасының жетістіктері себеп болады. Бала Юрийде осы спорт түріне қызығушылық танытады. Кейіннен жаттықтырушысы жұмыстан кеткен соң, хоккейге ауысып кетеді. Хоккейде де көрсеткен нәтижесі жаман болмайды. Бірақ, бәрінен бұрын   футболға деген қызығушылығы ерекше болатын. Жүрек қалауы футбол екенін түсініп бір жола аладопты серік етеді. Алғашқы бапкері Вильгем Анастасович Гализдра болды. Бастапқы кездері қос аяқпен де допты ұршықша иіретін болғандықтан алаңда жартылай қорғаушы болып ойнап бастайды. Кейіннен бір ойында қақпашы табылмай, бапкерден өзі сұранып, қақпаға тұрады. Алғашқы дебюті жаман болмайды. Бірақ, жас кезінде үнемі қақпада тұра беруі оны жалықтырып жібереді. Арасында кейбір жаттығуларға бармай да қалып жүрді.  Сосын әскер қатарына шақырылып, футболдан біраз уақыт қол үзіп қалады. Тіпті әскерден келген соң, спорттан  алыстап кетеді. Белгілі футболшы, «Шахтердің» сол кездегі бапкері – Серік Бердалин жас қақпашының бойындағы талантты байқап, үлкен спортқа қайта оралуына жағдай жасайды. Алғашқы кездері «Шахтердің» қосалқы қақпашысы болып, шеберлігін шындай түседі.  Ол кездері «кеншілердің» бірінші номерлі қақпашысы Юрий Ишутин еді. 1993 жылы Ишутин «Аңсатқа» (қазіргі «Ертіс) ауысқаннан кейін «Шахтердің» негізгі қақпашысы осы Новиков болды. Бірақ, «кеншілер» сапында көп тұрақтап қалмайды. Қарағандыда 1993-1994 жылдары 33 рет алаңға шыққан соң, Ишутин өнер көрсететін павлодарлық «Аңсатқа» ауысады. Тағы да екі қақпашы бір-біріне бәсекелес атанады. Тәжірибесі көп, жасы да үлкен Юрий Ишутин өз орнын бере қоймайды. Тек Ишутин 1997 жылы «Елімайға» кеткен соң, қайтадан негізі қақпашы болуға мүмкіндік алады.  Бірақ, 1999-2000 жылдары тағы да «Шахтерде» ойнап қайтады. 2001 жылы «Ертісті» Леонид Назаренко жаттықтырды.Ресейлік бапкердің қол астында жүлдеге сынық сүйем жетпей 4 орынға табан тіреді. Сол жылы Азия чемпиондар лигасында бақ сынайды. Азиялықтарды таңқалдырып жартылай финалға дейін жеткен болатын. Жартылай финалда жерлестеріміз сүрінгенімен, жанкүйерлер тек ризашылықтарын білдірген еді. Өйткені оған дейін Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына жеткен бірде-бір қазақстандық команда болмаған.  
16.08.2013 03:09 3038

«Жақсы қақпашы – жарты команда». Бұл сөз кезінде үш жыл Қазақстанның үздік қақпашысы болған, 2003 жылғы Қазақстанның үздік ойыншысы атанған Юрий Новиковке қаратылып айтылғандай.

Юрий Новиков 1972 жылы, 19 мамырда дүниеге келген. Ол алдымен «семсерлесу» спортымен айналысады. Спорттың бұл түрімен шұғылдануына үлкен ағасының жетістіктері себеп болады. Бала Юрийде осы спорт түріне қызығушылық танытады. Кейіннен жаттықтырушысы жұмыстан кеткен соң, хоккейге ауысып кетеді. Хоккейде де көрсеткен нәтижесі жаман болмайды. Бірақ, бәрінен бұрын   футболға деген қызығушылығы ерекше болатын. Жүрек қалауы футбол екенін түсініп бір жола аладопты серік етеді. Алғашқы бапкері Вильгем Анастасович Гализдра болды. Бастапқы кездері қос аяқпен де допты ұршықша иіретін болғандықтан алаңда жартылай қорғаушы болып ойнап бастайды. Кейіннен бір ойында қақпашы табылмай, бапкерден өзі сұранып, қақпаға тұрады. Алғашқы дебюті жаман болмайды. Бірақ, жас кезінде үнемі қақпада тұра беруі оны жалықтырып жібереді. Арасында кейбір жаттығуларға бармай да қалып жүрді.  Сосын әскер қатарына шақырылып, футболдан біраз уақыт қол үзіп қалады. Тіпті әскерден келген соң, спорттан  алыстап кетеді. Белгілі футболшы, «Шахтердің» сол кездегі бапкері – Серік Бердалин жас қақпашының бойындағы талантты байқап, үлкен спортқа қайта оралуына жағдай жасайды. Алғашқы кездері «Шахтердің» қосалқы қақпашысы болып, шеберлігін шындай түседі.  Ол кездері «кеншілердің» бірінші номерлі қақпашысы Юрий Ишутин еді. 1993 жылы Ишутин «Аңсатқа» (қазіргі «Ертіс) ауысқаннан кейін «Шахтердің» негізгі қақпашысы осы Новиков болды. Бірақ, «кеншілер» сапында көп тұрақтап қалмайды. Қарағандыда 1993-1994 жылдары 33 рет алаңға шыққан соң, Ишутин өнер көрсететін павлодарлық «Аңсатқа» ауысады. Тағы да екі қақпашы бір-біріне бәсекелес атанады. Тәжірибесі көп, жасы да үлкен Юрий Ишутин өз орнын бере қоймайды. Тек Ишутин 1997 жылы «Елімайға» кеткен соң, қайтадан негізі қақпашы болуға мүмкіндік алады.  Бірақ, 1999-2000 жылдары тағы да «Шахтерде» ойнап қайтады. 2001 жылы «Ертісті» Леонид Назаренко жаттықтырды.Ресейлік бапкердің қол астында жүлдеге сынық сүйем жетпей 4 орынға табан тіреді. Сол жылы Азия чемпиондар лигасында бақ сынайды. Азиялықтарды таңқалдырып жартылай финалға дейін жеткен болатын. Жартылай финалда жерлестеріміз сүрінгенімен, жанкүйерлер тек ризашылықтарын білдірген еді. Өйткені оған дейін Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына жеткен бірде-бір қазақстандық команда болмаған.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға