Жаңалықтар

Елорда вокзалынан «Астана - Атырау» бағытындағы жүрдек пойызы жолға шығады

22 тамызда Астана вокзалының перронынан «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Астана-Атырау» бағытындағы №19/20 жүрдек пойызы жолға шығады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады. Жаңа пойыз төрт күнде бір қатынайды. Астанадан Атырауға 22 сағат 57 минутта, ал Атыраудан Астанаға дейін 22 сағат 15 минутта жетеді. «Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, оның 22-сі жолаушылар вагоны, екеуі «Гранд» санатты (екі орындық люкс), екеуі «Бизнес» санатты (екі орындық) және «Турист» санатындағы (төрт орындық, экономкласс) 18 жолаушы вагоны, сондай-ақ, 3 техникалық, 1 вагон-бар мен 1 мейрамхана вагоны. «Гранд» санатты вагонда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бір купе қарастырылған» - делінген ақпаратта. Ведомствоның атап өтуінше, 2014 жылға дейін тағы 420 жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған. astana.kz
15.08.2013 09:26 3167

22 тамызда Астана вокзалының перронынан «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Астана-Атырау» бағытындағы №19/20 жүрдек пойызы жолға шығады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жаңа пойыз төрт күнде бір қатынайды. Астанадан Атырауға 22 сағат 57 минутта, ал Атыраудан Астанаға дейін 22 сағат 15 минутта жетеді. «Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, оның 22-сі жолаушылар вагоны, екеуі «Гранд» санатты (екі орындық люкс), екеуі «Бизнес» санатты (екі орындық) және «Турист» санатындағы (төрт орындық, экономкласс) 18 жолаушы вагоны, сондай-ақ, 3 техникалық, 1 вагон-бар мен 1 мейрамхана вагоны. «Гранд» санатты вагонда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бір купе қарастырылған» - делінген ақпаратта.

Ведомствоның атап өтуінше, 2014 жылға дейін тағы 420 жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған.

astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға