Орал қаласында «Ең тату отбасы» анықталды
15.08.2013 07:17
3802
Орал қалалық мәслихатының қолдауымен ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған аталмыш байқау үш кезеңнен тұрды. 6-14 жас және 29-40 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жандар отбасыларымен бірге «Өзін-өзі таныстыру», «Бірге көңілді», «Үй тапсырмасы» кезеңдері бойынша бақ сынады. Сайыс қорытындысында 6-14 жас аралығында «Ең тату отбасы» аталымын бала жасынан мүгедек Анна Фролованың жаняұсы иеленсе, 29-40 жас аралығындағылардан Гүлмира Жанғалиева үздік шықты. Туабітті мүгедек болғанымен, Гүлмира ері Сансызбаймен бірге бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсіруде.
Осындай шара облыс аудандарында да ұйымдастырылды. Енді республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтетін болады.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ангела Меркель сайлауалды науқанын бастады