Германияда тасжолға 2000 литр бал төгілді
15.08.2013 04:48
3040
14 тамызға қараған түні белгісіз автокөлік итальян компаниясының балын тиеген жүк көлігін басып озамын деп оны жолдан ығыстырып жіберген.
Румыния азаматы шұғыл тежегішті басады, сол сәтте бал салынған бөшкелер кузовтан құлап, жарылған.
Коблен қаласы аумағындағы жолға 2000 литр бал төгілді.
Жергілікті билік тасжолда жүру қауіпті болғандықтан қозғалысты уақытша шектеді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жетті. Олар экскаватордың көмегімен балдың бетіне топырақ тастап, содан кейін қоспаны жинап алды.
bnews.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні