Алматыда «Ақтөбе» футболшысы Эмиль Кенжисариев соққыға жығылды
14.08.2013 04:51
3067
Футболшы 8 тамызда исландиялық «Брейдаблик» клубына қарсы өткізілген ойынға қатысып, Қазақстанға оралған соң бір-екі күн Ыстықкөлде демалмақ болған.
11 тамызда Эмиль Кенжисариев Алматыдағы ауруханалардың бірінде ес-түссіз жатқаны анықталды. Футболшы бастың самай бөлігінен ауыр соққы алған. «Ақтөбе» командасының дәрігері Алматыға ұшып келе жатыр. Қазір футболшының жанында туған ағасы отыр.
bnews.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Гүлдер» жаңаша гүлдемек...