Жаңалықтар

«Гүлдер» жаңаша гүлдемек...

Қазақ өнерінің қарашаңырағы «Гүлдер» ансамблі өзінің алғашқы іргетасын 1969 жылы қалады. Қазақ өнерінің қайраткері Гүлжихан Қалиқызы бастаған зиялылардың бастамасымен 44 жыл бұрын дүниеге келген «Гүлдер» ансамблін – қазақ эстрадасының жанр ретінде қалыптасып, дамуына кәсіби үлес қосқан, мәдениетіміздің тарихи бір бөлшегі деуге болады. Бүгінде аты аңызға айналған қазақ эстрадасының күллі маңдайалды дарындарына жолдама берген дәстүрлі өнер мектебіне айналған әйгілі «Гүлдердің» алғашқы қойылымы «Струны степей» Қазақстандық эстрадалық өнерге жаңа леп алып келді. Сол кезде алғаш рет отандық жас таланттарымыз ансамбльдің күні бүгінге дейінгі көркемдік бағыты болып табылатын алғашқы эстарадалық-музыкалық ревюін алып келді. Ансамбльге танымалдылық алып келген Кубаның астанасы Гаванада өткен 11-студент жастар фестивалінен кейін, бірінен соң бірі ілесе келген республикалық, халықаралық, әлемдік деңгейлі жүлделер «Гүлдердің» жанкүйерлерінің қатарын көбейте түсті. Өзінің 44 жылдық шығармашылық жолында ансамбль өзінің репертуарын халықтық музыкамен және заманауи эстрадалық-би жобаларымен толықтыра отырып, үнемі өсу үстіндегі үлкен шығармашылық жолдан сәтті өтуде. Ән бәйгесіне қосылғысы келген кез-келген әнші атаулының әуелі осы «Гүлдерге» аяқ басушы еді. Гүлжан Талпақова, Сара Тыныштығұлова, Рамазан Елебаев, Қайрат Байбосынов,Қапаш Құлышева, Құдайберген Сұлтанбаев, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Сембек Жұмағалиев, Майра Нұркенова, Бақыт Шадаева, Жеңіс Ысқақаова т.б.  «Гүлдердің» бүгінгі құрамы жаңару үстінде. «Гүлдер» ансамблінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ансамбль өзінің 45 жылдық мерейтойында шыт жаңа, мүлдем жаңарған форматпен отандық көрерменді қуантпақшы. Болашақта Еуропа, Азия, Америкаға шығу да болашақ жоспарында бар. Индира БАЙҚОНЫСОВА
14.08.2013 04:47 4246

Қазақ өнерінің қарашаңырағы «Гүлдер» ансамблі өзінің алғашқы іргетасын 1969 жылы қалады. Қазақ өнерінің қайраткері Гүлжихан Қалиқызы бастаған зиялылардың бастамасымен 44 жыл бұрын дүниеге келген «Гүлдер» ансамблін – қазақ эстрадасының жанр ретінде қалыптасып, дамуына кәсіби үлес қосқан, мәдениетіміздің тарихи бір бөлшегі деуге болады.

Бүгінде аты аңызға айналған қазақ эстрадасының күллі маңдайалды дарындарына жолдама берген дәстүрлі өнер мектебіне айналған әйгілі «Гүлдердің» алғашқы қойылымы «Струны степей» Қазақстандық эстрадалық өнерге жаңа леп алып келді. Сол кезде алғаш рет отандық жас таланттарымыз ансамбльдің күні бүгінге дейінгі көркемдік бағыты болып табылатын алғашқы эстарадалық-музыкалық ревюін алып келді. Ансамбльге танымалдылық алып келген Кубаның астанасы Гаванада өткен 11-студент жастар фестивалінен кейін, бірінен соң бірі ілесе келген республикалық, халықаралық, әлемдік деңгейлі жүлделер «Гүлдердің» жанкүйерлерінің қатарын көбейте түсті. Өзінің 44 жылдық шығармашылық жолында ансамбль өзінің репертуарын халықтық музыкамен және заманауи эстрадалық-би жобаларымен толықтыра отырып, үнемі өсу үстіндегі үлкен шығармашылық жолдан сәтті өтуде.

Ән бәйгесіне қосылғысы келген кез-келген әнші атаулының әуелі осы «Гүлдерге» аяқ басушы еді. Гүлжан Талпақова, Сара Тыныштығұлова, Рамазан Елебаев, Қайрат Байбосынов,Қапаш Құлышева, Құдайберген Сұлтанбаев, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Сембек Жұмағалиев, Майра Нұркенова, Бақыт Шадаева, Жеңіс Ысқақаова т.б. 
«Гүлдердің» бүгінгі құрамы жаңару үстінде. «Гүлдер» ансамблінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ансамбль өзінің 45 жылдық мерейтойында шыт жаңа, мүлдем жаңарған форматпен отандық көрерменді қуантпақшы. Болашақта Еуропа, Азия, Америкаға шығу да болашақ жоспарында бар.

Индира БАЙҚОНЫСОВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға