Сарымсақ өкпе обырына ем
13.08.2013 05:23
4540
Ғалымдар өкпе обырының қауіп-қатерін екі есеге дейін жоятын қарапайым тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қытайдың өкпе обырының алдын алу және қадағалау орталығының зерттеушілері аптасына кем дегенде екі рет сарымсақ пайдаланған адамның өкпе обырымен ауыру қауіпі 44 пайызға дейін азаятындығын анықтаған.
Олар бұл қорытындыға Цзяньсу провинциясындағы обырдың осы түріне шалдыққан 1424 науқастың нәтижелерін 4500 сау адамның нәтижелерімен салыстыру арқылы келген.
Айта кетейік, сарымсақ 2010 жылы гипертония мен бас сақинасын емдеуге ықпалы бар екендігі анықталған болатын.
Baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Гепатитке қарсы күрес айлығы