Еуразия экономикалық одағы 2015 жылдан бастап жұмыс істейді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Еуразия экономикалық одағы туралы келісім-шартты әзірлеуде. Бұл туралы ақпараты Қайрат Сарыбай (Сыртқы істер министрінің орынбасары) ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында таратты.
Биыл Астанада өткен Қазақстан, Ресей және Белорусьтің Мемлекет басшыларының деңгейінде Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы аясында тараптар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия экономикалық кеңесін құру туралы уағдаласқан болатын. Қазіргі таңда осы мақсатта Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық нормалары есепке алына отырып келісімшарт дайындалуда. Жоспар бойынша, ол 2014 жылдың 1 мамырына дейін әзір болуы тиіс.
Айта кетейік, аталмыш ведомствада Еуразия ықпалдастығы мәселелерімен айналысатын жеке департамент құрылған.
Мөлдір Асқар