Жаңалықтар

Ақтау Каспий күнін атап өтті

Ақтауда 9-12 тамыз күндері Каспий күніне арналған шаралар: «Биоресурстарды сақтаудың өзекті проблемалары» тақырыбында халықаралық экономикалық форум өтті, «Таза жағалау» акциясы барысында жағалау аумағы абаттандырылып, тазартылды, балалар суреттерінің байқауы болды. Шараның қорытындысы облыс қалалары мен аудандары тұрғындарына арналған мерекелік концертке ұласты. «Каспий жұлдызы» деп аталатын фестивальді НКОК компаниясы Ақтау қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Каспий күні жыл сайын 12 тамызда аталып өтіледі және ол жұртшылықтың және халықаралық қоғамдастықтың назарын экология проблемаларына аударуға арналған. Оны Каспий бойындағы бес мемлекетте - Қазақстанда, Әзірбайжанда, Иранда, Түрікменстанда және Ресейде атап өтеді. Конкурстар Абай атындағы демалыс кешенінде өтті. Оған қатысушылар ән салу, би және сурет салу бойынша сынға түсті. Онда сондай-ақ экологиялық тақырыпқа сұрақ-жауап ойындары да ескертілген. Конкурс жеңімпаздары үшін шараның демеушісі - НКОК компаниясы сыйлықтар мен жүлделер тағайындады. «Каспий теңізінің биологиялық әралуандығын қорғау - біздің де міндетіміз. Сондықтан да Солтүстік Каспий жобасы басымдықтарының бірі экологиялық жауапкершілік және біздің теңіздегі құрылыстарымызды жобалау, салу және пайдаланудың сенімді болуы есебінен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Біз жыл сайын 1,5 млн. долларға жуық қаржыны демеушілік және қайырымдылық шараларына жұмсаймыз. Биылғы жылы оның үстіне тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан және балалар үйлеріндегі балалардың Алматы түбінде тынығуы үшін тағы 300 мың доллар қаржы жұмсадық», - дейді НКОК-тың жұртшылықпен байланыс, демеушілік және қайырымдылық бөлімінің бастығы Еркін Әжіғалиев. ҚазАқпарат.  
13.08.2013 04:51 3395

Ақтауда 9-12 тамыз күндері Каспий күніне арналған шаралар: «Биоресурстарды сақтаудың өзекті проблемалары» тақырыбында халықаралық экономикалық форум өтті, «Таза жағалау» акциясы барысында жағалау аумағы абаттандырылып, тазартылды, балалар суреттерінің байқауы болды.

Шараның қорытындысы облыс қалалары мен аудандары тұрғындарына арналған мерекелік концертке ұласты. «Каспий жұлдызы» деп аталатын фестивальді НКОК компаниясы Ақтау қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Каспий күні жыл сайын 12 тамызда аталып өтіледі және ол жұртшылықтың және халықаралық қоғамдастықтың назарын экология проблемаларына аударуға арналған. Оны Каспий бойындағы бес мемлекетте - Қазақстанда, Әзірбайжанда, Иранда, Түрікменстанда және Ресейде атап өтеді. Конкурстар Абай атындағы демалыс кешенінде өтті. Оған қатысушылар ән салу, би және сурет салу бойынша сынға түсті. Онда сондай-ақ экологиялық тақырыпқа сұрақ-жауап ойындары да ескертілген. Конкурс жеңімпаздары үшін шараның демеушісі - НКОК компаниясы сыйлықтар мен жүлделер тағайындады.

«Каспий теңізінің биологиялық әралуандығын қорғау - біздің де міндетіміз. Сондықтан да Солтүстік Каспий жобасы басымдықтарының бірі экологиялық жауапкершілік және біздің теңіздегі құрылыстарымызды жобалау, салу және пайдаланудың сенімді болуы есебінен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Біз жыл сайын 1,5 млн. долларға жуық қаржыны демеушілік және қайырымдылық шараларына жұмсаймыз. Биылғы жылы оның үстіне тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан және балалар үйлеріндегі балалардың Алматы түбінде тынығуы үшін тағы 300 мың доллар қаржы жұмсадық», - дейді НКОК-тың жұртшылықпен байланыс, демеушілік және қайырымдылық бөлімінің бастығы Еркін Әжіғалиев.

ҚазАқпарат.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға