ҚР Президентінің Кубогы жалауын көтерді
Астанада хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы жалауын көтерді. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі халықаралық турнирге жергілікті «Барыспен» қатар, Ханты-Мансийскінің «Югра», Хабаровскінің «Амур» және Чеховтің «Витязь» командалары қатысуда.
Жарыс шымылдығы «Витязь» бен «Югра» арасындағы ойынмен ашылып, чеховтік ұжым 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұдан кейін, айдынға «Барыс» пен «Амур» хоккейшілері шықты. Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде талай рет иық тіресіп, бір-біріне дес бермейтін қарсыластар, жанкүйерлерді тартысты ойын өрнегімен қуантуға тырысты. Дегенмен, «Барыстың» хоккейшілері Хабаровскіден келген командаға қонақжайлық танытпады. «Барыстың» жаңа бас бапкері Ари-Пекка Селиннің шәкірттері «Амурдың» қақпасына жауапсыз 8 шайба салды. Найджел Доус хет-триктің авторы атанса, Дастин Бойд, қос Константин Пушкарев пен Руденко және Талғат Жайлауов, Дмитрий Упперлер бір-бір голдан соқты. Қазақстан Президентінің Кубогы жолындағы жарыс 13-ші тамызға дейін жалғасады.
Baq.kz