Жаңалықтар

Мұхтар Әблязов шетелдік банктерге де қарыз екен

Мұхтар Әблязов Отандық банкті ғана емес Еуропаның да белді қаржы орталықтарын тақырға отырғызып кеткен. БТА банкі өкілдерінің сөзіне қарағанда, қашқын қаржыгер шетелдік бірнеше банкке 1 миллиард долларға жуық қарыз көрінеді.  Ұлыбританиялық үш бірдей белді банк Мұхтар Әблязовтың алақанына 500 миллион АҚШ долларын санап беріп кейін қайтара алмай қалған. Оған қоса Италияның 8 қаржы орталығы қазақ қаржыгеріне жалпы сомасы 250 миллион АҚШ долларын беріп, артынан жер сипап қалыпты. Бұдан бөлек, Францияның 4 банкі Әблязовтан тағы 50 миллион АҚШ долларын қайтара алмай дал болып жүр. Қосымша, Швецариядағы, Германиядағы, Америкадағы қаржы орталықтары да Мұхтар Әблязовтың қарыз екендіктерін айтып отыр. Бірақ бұл жайттарға қатысты әлі іс қозғалмапты.  Baq.kz
12.08.2013 04:12 3668

Мұхтар Әблязов Отандық банкті ғана емес Еуропаның да белді қаржы орталықтарын тақырға отырғызып кеткен. БТА банкі өкілдерінің сөзіне қарағанда, қашқын қаржыгер шетелдік бірнеше банкке 1 миллиард долларға жуық қарыз көрінеді. 

Ұлыбританиялық үш бірдей белді банк Мұхтар Әблязовтың алақанына 500 миллион АҚШ долларын санап беріп кейін қайтара алмай қалған. Оған қоса Италияның 8 қаржы орталығы қазақ қаржыгеріне жалпы сомасы 250 миллион АҚШ долларын беріп, артынан жер сипап қалыпты.

Бұдан бөлек, Францияның 4 банкі Әблязовтан тағы 50 миллион АҚШ долларын қайтара алмай дал болып жүр. Қосымша, Швецариядағы, Германиядағы, Америкадағы қаржы орталықтары да Мұхтар Әблязовтың қарыз екендіктерін айтып отыр. Бірақ бұл жайттарға қатысты әлі іс қозғалмапты. 

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға