Алтын құрсақ аналар Астананы көретін болды
12.08.2013 04:08
2499
Үржар ауданының он тоғыз ауылынан көпбалалы «Алтын алқа» және «Күміс алқалы» аналарымыз Астанаға аттанды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Олардың арасында өз заманында білім, денсаулық сақтау салаларында, сондай-ақ, сауыншы болып жемісті еңбек еткен ақ жаулықтыларымыз бар. Ардақты аналарымызды ауданның әкімі бастаған бір топ лауазым иелері шығарып салды.
Еліміздің бас қаласына саяхаттап бара жатқан үржарлық қонақтарға Астананың көрікті орындары көрсетіліп, Бәйтерек, Хан шатыр секілді белгілі нысандарды аралау мүмкіндігі тумақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Халықаралық жастар күні
Келесі жаңалық
Алматыда Жансүгіров – Сейфуллин қиылысында қозғалыс ашылады