Жаңалықтар

Күйтабақтар мұражайы

Керекуге жолыңыз түссе, Шафердің үйіне соғыңыз. Қазақстандағы жалғыз грампластинкалар немесе күйтабақтар мұражайы тек Павлодарда ғана бар. Музыкатанушы, филолог, сазгер Наум Шафер жарты ғасыр көлемінде 27 мыңнан астам күйтабақ жинаған. Олардың арасында түпнұсқа күйінде сақталған теңдесі жоқ музыка үлгілері бар. Кезінде бұларды сатып алу мақсатында коллекционерге бірнеше мемлекеттен ұсыныс түскен екен. Бірақ жергілікті билік мол қазынаны сақтап қалу үшін Шафердің үйін музейге айналдырды. Музыкатанушы, филолог, сазгер Наум Шафер жарты ғасырдан астам уақыт көлемінде 27 мыңнан астам күйтабақтарды жинаған. Олардың арасында түпнұсқа күйінде сақталған, теңдесі жоқ музыка үлгілері бар. Кезінде бұларды сатып алу мақсатында коллекционерге бірнеше мемлекеттен ұсыныс түскен екен. Бірақ жергілікті билік мол қазынаны сақтап қалу үшін Шафер үйін мұражайға айналдырды. Шежіре жазбаша күйде таралады. Мен «Тарихтың дауысты шежіресін» қалтырғым келді, дейді Наум Шафер. Қазір оның мұражай-үйінде 27 мыңнан аса күйтабақ бар. Бұдан бөлек бір жарым мың бобиналы таспа және екі мыңға жуық аудиокассета сақталған. Наум Шафер, музыкатанушы, сазгер: Мен ерте уақыттардағы күйтабақтарды сақтап қалуға тырыстым. Мысалы, кітапты кітапханадан табуға болады. Ал күйтабақтарды қайдан аламыз? Ол кезде Евгений Брусиловский музыка сабағын жүргізетін. Бір күні маған «сен дүкендерден 50 жылдардағы күйтабақтарды табарсың, ал қазақ ауылдарына шықсаң, одан да көнелері табылады», деп ақыл айтты.  Музыкалық мұражайдан Чайковский мен Глинка, Бах пен Моцарт, Шопен, Мендельсон шығармаларының алғашқы жазбаларын табуға болады. Тіпті IX ғасырдағы музыкалық туындылардың көшірмелері бар. Фонотекада граммофон, патефон және винил күйтабақтары сақталған. Орындаушылардың жанды даусынан бөлек олардың қолтаңбалары кездеседі.  Болат Аманбаев, тілші: Ал қазақ ұлттық музыкасы бөлімінде 500-ден аса мынандай күйтабақ бар. Әсіресе Ахмет Жұбанов пен Евгений Брусиловскийдің музыкасына жазылған тұңғыш қазақ операларының жазбалары - баға жетпес байлық. Бұдан бөлек қазақ операсының алғашқы орындаушысы Күләш Байсейітованың орындауындағы әндердің барлығы сақталған. Қазір біздің тыңдайтынымыз – «Қыз Жібек» ариясындағы әйгілі «Гәкку» әні. Наум Шафердің сақтап қалған мол қазынасы халыққа жету керек. Сондықтан мұражай қорындағы шығармалар жаңа технология бойынша қайта жазылуда. Татьяна Корешкова, музей директоры: Біз үшінші мыңжыдықта өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан патефон, граммофондар жоқ. Осыған байланысты 15 мыңнан астам музыкалық шығармаларды сандық үлгідегі технологияға көшірдік. Фонотека материалдары бойынша арнайы мұражайлық жоба бар. Музыкалық туындының нотасы бастапқы нұсқасы бойынша қала береді. Ал әншілік шеберлік пен дауыс ырғағы әр адамда әр түрлі. Күйтабақ құдіреті өткен дәуірдің орындаушылық ерекшелігін қаз-қалпында сақтап қалуында, дейді Наум Шафер. Мұражай қоры сонысымен құнды. Ұлттық арна
11.08.2013 15:54 4484

Керекуге жолыңыз түссе, Шафердің үйіне соғыңыз. Қазақстандағы жалғыз грампластинкалар немесе күйтабақтар мұражайы тек Павлодарда ғана бар. Музыкатанушы, филолог, сазгер Наум Шафер жарты ғасыр көлемінде 27 мыңнан астам күйтабақ жинаған.

Олардың арасында түпнұсқа күйінде сақталған теңдесі жоқ музыка үлгілері бар. Кезінде бұларды сатып алу мақсатында коллекционерге бірнеше мемлекеттен ұсыныс түскен екен. Бірақ жергілікті билік мол қазынаны сақтап қалу үшін Шафердің үйін музейге айналдырды.
Музыкатанушы, филолог, сазгер Наум Шафер жарты ғасырдан астам уақыт көлемінде 27 мыңнан астам күйтабақтарды жинаған. Олардың арасында түпнұсқа күйінде сақталған, теңдесі жоқ музыка үлгілері бар. Кезінде бұларды сатып алу мақсатында коллекционерге бірнеше мемлекеттен ұсыныс түскен екен.
Бірақ жергілікті билік мол қазынаны сақтап қалу үшін Шафер үйін мұражайға айналдырды.

Шежіре жазбаша күйде таралады. Мен «Тарихтың дауысты шежіресін» қалтырғым келді, дейді Наум Шафер. Қазір оның мұражай-үйінде 27 мыңнан аса күйтабақ бар. Бұдан бөлек бір жарым мың бобиналы таспа және екі мыңға жуық аудиокассета сақталған.

Наум Шафер, музыкатанушы, сазгер:
Мен ерте уақыттардағы күйтабақтарды сақтап қалуға тырыстым. Мысалы, кітапты кітапханадан табуға болады. Ал күйтабақтарды қайдан аламыз? Ол кезде Евгений Брусиловский музыка сабағын жүргізетін. Бір күні маған «сен дүкендерден 50 жылдардағы күйтабақтарды табарсың, ал қазақ ауылдарына шықсаң, одан да көнелері табылады», деп ақыл айтты. 

Музыкалық мұражайдан Чайковский мен Глинка, Бах пен Моцарт, Шопен, Мендельсон шығармаларының алғашқы жазбаларын табуға болады. Тіпті IX ғасырдағы музыкалық туындылардың көшірмелері бар. Фонотекада граммофон, патефон және винил күйтабақтары сақталған. Орындаушылардың жанды даусынан бөлек олардың қолтаңбалары кездеседі. 

Болат Аманбаев, тілші:
Ал қазақ ұлттық музыкасы бөлімінде 500-ден аса мынандай күйтабақ бар. Әсіресе Ахмет Жұбанов пен Евгений Брусиловскийдің музыкасына жазылған тұңғыш қазақ операларының жазбалары - баға жетпес байлық. Бұдан бөлек қазақ операсының алғашқы орындаушысы Күләш Байсейітованың орындауындағы әндердің барлығы сақталған. Қазір біздің тыңдайтынымыз – «Қыз Жібек» ариясындағы әйгілі «Гәкку» әні.

Наум Шафердің сақтап қалған мол қазынасы халыққа жету керек. Сондықтан мұражай қорындағы шығармалар жаңа технология бойынша қайта жазылуда.

Татьяна Корешкова, музей директоры:
Біз үшінші мыңжыдықта өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан патефон, граммофондар жоқ. Осыған байланысты 15 мыңнан астам музыкалық шығармаларды сандық үлгідегі технологияға көшірдік. Фонотека материалдары бойынша арнайы мұражайлық жоба бар.

Музыкалық туындының нотасы бастапқы нұсқасы бойынша қала береді. Ал әншілік шеберлік пен дауыс ырғағы әр адамда әр түрлі. Күйтабақ құдіреті өткен дәуірдің орындаушылық ерекшелігін қаз-қалпында сақтап қалуында, дейді Наум Шафер. Мұражай қоры сонысымен құнды.


Ұлттық арна

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға