Жаңалықтар

Майра Шамсутдинова. Жұмат Шанин

Майра Уәлиқызы Шамсутдинова – халық әншісі, композитор. 1896 ж. 6-мамырда Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Майра жасынан гармон тартып, ән салған. Кереку, Баянауыл, Семей аймағындағы жәрмеңке, той-думандарда өнер көрсетіп, есімі елге жайылған. Өмірбаяны 1890 жылы қазіргі Павлодар облысы Павлодар қаласында дүниеге келді. Майра 13 жасынан бастап көптеген тыңдаушылар алдында өнерін көрсете бастаған. Шығармашылығы Дауысының ауқымдылығы класскалық, жеке және сол заманғы шығармаларды орындау мүмкіндігін беретін. Ол қазақ, татар, орыс тілінде кәсіби орындаушылығымен таң қалдыратын. Әміре Қашаубаев және Иса Байзақовтардың қатарында өзінің өнерін Баянауыл және Қоянды жәрмеңкелерінде көрсеткен. 1926 жылы әйгілі этнограф-музыкант А.В. Затаевичпен кездесіп, өзінің орындауындағы жеке әндері мен 13 халық әндерін жазған. «Майра» әні өте танымал болды (басқа атауы— «Убайра», «Райра», «Хару-раку-райра»)- ақындар өнерінің салтында шығарылған өзіндің әуендік «автопортрет». Шығармалары “Ахау, Семей” “Гауһар тас” “Ертіс” “Сәулем-ай” “Мақпал”, т.б. халық әндері болды. Ол өз орындауында жаздырған “Майра”, “Қызыл гүл”, “Өкшесі етігімнің айнала жез”, “Бақша” әндерінің авторы. Әншілік өнерді кәсіби дәрежеде меңгеріп, өзіндік нақышпен сырнайға қосылып айтқан. Қазақ әндерімен қатар татар, орыс әндерін де нақышына келтіре орындаған. 1927 ж. 1-мамырда Керекуде қайтыс болды. Майраның әндерін композиторлар Евгений Брусиловский “Қыз Жібек” операсында, Александр Зильбер “Қайта туған Қазақстан” симфониясында, Бақытжан Байқадамов “Майра” хор капелласында пайдаланды. Әбділда Тәжібаев “Майра” атты пьеса, поэма жазды. Майраның әндері Ахмет Жұбановтың, Мақсұтбек Майшекиннің, т.б. назарына ілігіп, жазбаға түсіп өңделген. Бүгінде оның 20-ға тарта әндері белгілі болып отыр. “Майра және өнер” атты жинақ шықты. Майра Уәлиқызы атындағы әншілер байқауы өткізіліп тұрады. Жұмат Шанин (1892-1938), режиссер, драматург, актер, Ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, ҚазКСР-інің халық артисі (1931). Жас кезінен ұлттық ойын-сауықтар мен ән-күйлерге ынтық болып өсті. 1913 жылы Омбыға келіп, білім алады. Мұнда С. Сейфуллинмен, Н. Нұрмақовпен, Б. Серікбаевпен танысады. 1915-1916 жылдары бухгалтер курсында оқыды, майдан жұмысына тартылады. 1917-1921 жылдары Қарқаралының уездік кооперативінде бухгалтер қызметін атқарады. Кейін Павлодар укомының мүшесі, Зайсан уездік аткомының төрағасы, Семей губерниясының аткомының және ҚазКСР ОАК мүшесі болды. Режиссерлік өнер жолын 20-жылдары Семейде «Ес-аймақ» труппасынан бастады. Осында өзінің «Арқалық батырын» және С. Сейфуллиннің «Қызьл сұңқарларын» қойды. 1925-1937 жылдары Қазақ драма театрын, Қазақтың опера және балет, Орал музыкалық драма театрын ұйымдастырып, жетекшілік етті. 1927 жылы бір топ өнер шеберлерімен бірге Мәскеуде этнографиялык концертке қатысты. «Торсықбай», «Айдарбек», «Баян батыр», «Жаңды сурет», «Қара құльп», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Үш бажа» т. б. пьесалар жазып, ұлттық драматургияны дамытуға үлес қосады. Шанин сахна өнері жайлы бірқатар сүбелі еңбектер жазды. Оның «Аркалық батыр» және «Шахта» пьесалары 30-жылдары Қарағанды драма театрының репертуарынан орын алды. Уикипедия
11.08.2013 13:58 13285

Майра Уәлиқызы Шамсутдинова – халық әншісі, композитор. 1896 ж. 6-мамырда Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Майра жасынан гармон тартып, ән салған. Кереку, Баянауыл, Семей аймағындағы жәрмеңке, той-думандарда өнер көрсетіп, есімі елге жайылған.

Өмірбаяны

1890 жылы қазіргі Павлодар облысы Павлодар қаласында дүниеге келді. Майра 13 жасынан бастап көптеген тыңдаушылар алдында өнерін көрсете бастаған.

Шығармашылығы

Дауысының ауқымдылығы класскалық, жеке және сол заманғы шығармаларды орындау мүмкіндігін беретін.

Ол қазақ, татар, орыс тілінде кәсіби орындаушылығымен таң қалдыратын. Әміре Қашаубаев және Иса Байзақовтардың қатарында өзінің өнерін Баянауыл және Қоянды жәрмеңкелерінде көрсеткен.

1926 жылы әйгілі этнограф-музыкант А.В. Затаевичпен кездесіп, өзінің орындауындағы жеке әндері мен 13 халық әндерін жазған.

«Майра» әні өте танымал болды (басқа атауы— «Убайра», «Райра», «Хару-раку-райра»)- ақындар өнерінің салтында шығарылған өзіндің әуендік «автопортрет».

Шығармалары

  • “Ахау, Семей”
  • “Гауһар тас”
  • “Ертіс”
  • “Сәулем-ай”
  • “Мақпал”, т.б. халық әндері болды.

Ол өз орындауында жаздырған “Майра”, “Қызыл гүл”, “Өкшесі етігімнің айнала жез”, “Бақша” әндерінің авторы. Әншілік өнерді кәсіби дәрежеде меңгеріп, өзіндік нақышпен сырнайға қосылып айтқан. Қазақ әндерімен қатар татар, орыс әндерін де нақышына келтіре орындаған. 1927 ж. 1-мамырда Керекуде қайтыс болды. Майраның әндерін композиторлар Евгений Брусиловский “Қыз Жібек” операсында, Александр Зильбер “Қайта туған Қазақстан” симфониясында, Бақытжан Байқадамов “Майра” хор капелласында пайдаланды. Әбділда Тәжібаев “Майра” атты пьеса, поэма жазды. Майраның әндері Ахмет Жұбановтың, Мақсұтбек Майшекиннің, т.б. назарына ілігіп, жазбаға түсіп өңделген. Бүгінде оның 20-ға тарта әндері белгілі болып отыр. “Майра және өнер” атты жинақ шықты. Майра Уәлиқызы атындағы әншілер байқауы өткізіліп тұрады.

Жұмат Шанин (1892-1938), режиссер, драматург, актер, Ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, ҚазКСР-інің халық артисі (1931). Жас кезінен ұлттық ойын-сауықтар мен ән-күйлерге ынтық болып өсті. 1913 жылы Омбыға келіп, білім алады. Мұнда С. Сейфуллинмен, Н. Нұрмақовпен, Б. Серікбаевпен танысады. 1915-1916 жылдары бухгалтер курсында оқыды, майдан жұмысына тартылады. 1917-1921 жылдары Қарқаралының уездік кооперативінде бухгалтер қызметін атқарады. Кейін Павлодар укомының мүшесі, Зайсан уездік аткомының төрағасы, Семей губерниясының аткомының және ҚазКСР ОАК мүшесі болды. Режиссерлік өнер жолын 20-жылдары Семейде «Ес-аймақ» труппасынан бастады. Осында өзінің «Арқалық батырын» және С. Сейфуллиннің «Қызьл сұңқарларын» қойды. 1925-1937 жылдары Қазақ драма театрын, Қазақтың опера және балет, Орал музыкалық драма театрын ұйымдастырып, жетекшілік етті. 1927 жылы бір топ өнер шеберлерімен бірге Мәскеуде этнографиялык концертке қатысты. «Торсықбай», «Айдарбек», «Баян батыр», «Жаңды сурет», «Қара құльп», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Үш бажа» т. б. пьесалар жазып, ұлттық драматургияны дамытуға үлес қосады. Шанин сахна өнері жайлы бірқатар сүбелі еңбектер жазды. Оның «Аркалық батыр» және «Шахта» пьесалары 30-жылдары Қарағанды драма театрының репертуарынан орын алды.

Уикипедия

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға