Григорий Потанин
Григорий Николаевич Потанин (4 қазан 1835, Павлодар губерниясы Ямышево ауылы – 30 маусым 1920, Ресей, Томск қаласы) – Орта Азияның табиғатын, этнографиясын зерттеген саяхатшы, географ, этнограф, фольклоршы.
- 1852 Омбы кадет корпусын бітірген.
- 1853 -1858 Семей мен Омбыда әскери қызметте болды.
- 1859 - 1862 сонда жүріп, Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановпен достық қарым-қатынаста болды. Петербург университетінің табиғаттану бөлімінде оқыды.
- 1861 жылы студенттік толқуларға қатысқаны үшін Сібірге жер аударылды.
- 1863 - 1864 ж. Зайсан көлі мен Тарбағатай тауын зерттеді.
- 1876 - 1877 1879 – 1880 ж. Моңғолияның солтүстік-батысы және Туваға, экспедицияларға қатысты.
- 1884 - 1886 және 1892 - 1893 Солтүстік Қытай, Шығыс Тибет, Орта Моңғолия экспедицияларға қатысты.
- 1899 жылы Үлкен Хинганға шыққан экспедицияларға қатысты.
Г.Н. Потанин Орталық Азияға алғашқы саяхатын Н.М. Пржевальскийден бұрын1863 жылы жасады. Орталық Азияға 8 рет саяхат жасап, 36 жыл бойы, 1899 жылға дейін, ауыр жағдайда жүріп қажымай-талмай зерттеді. Орыс География ғылымына көп еңбек етіп, үлкен жаңалықтар қосты. Ғалым, географ алғашқы зерттеу жұмыстарын өзінің туған Отаны Қазақстан жеріне бастады. 1863 жыл5ы бірінші экспедициясында Оңтүстік Алтай мен Зайсан қазаншұңқырын зерттеді, 1864 жылы – Тарба5атайды, бұдан кейін 1876 жылдан бастап Орталық Азияны зерттеуге кірісті. Ол 1876–1877, 1879-1880, 1883-1886, 1892-1893 жылдары саяхат жасады. Бұл экспедициялардың бәрінде де өзінің сүйікті зайыбы әрі көмекшісі А.В. Потанинамен бірге болады. Бұл экспедицияларда жиналған мәліметтер бұрыңғы кеңес дәуірінде толқтырылып басылып шықты.
Григорий Николайұлы 1835 жылдын 22 қыркүйегінде қазіргі Павлодар облысы, Ертіс жағасындағы Ямышев ауылында туды. Әкесі қызмет бабында бастықтарға қарсы шыққандықтан сотталып қара солдат болып төмендетілген казак–орыс еді. Ол түрмеде отырған кезде шешесі өліп Г.Н.Потаниннің үй–ішіне үлкен ауыртпалық түседі.Азияның болашақ атақты ғалымы бала кезінен өмірдің талай талқысын, жетімдікті, жеткіліксіз өмірді басынан өткізеді.
Г.Н.Потанинжас кезінде Ертіс жиегіндегі Пресногор ауылында оқып, полковник атағынан айрылған Эллизеннің үй–ішінде тәрбиеленеді. Одан кейінОмскідегі кадет корпусына түсіп, оны 1852 жылы 17 жасында бітіріп шығады. Жас офицерді Семей қаласындағы казак–орыс полкіне қызметке жібереді. Семейде ол қазақ халқының өмірімен толық танысады. Корпуста оқып жүрген кезде жан жолдасы Шоқан айтқан қазақ халқының тарихы, әдет–ғұрпы, өмірі көз алдына елестеп, ғалымды халық аузындағы бай аңыздар қызықтыра түседі.
Ғылыми еңбектер
Қазақ фольклоры үлгілерін, жалпы түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетін жинап, «Қазақтардың және алтайлықтардың аңыздары, аңыз-әңгімелері және ертегілері» (1916) атты еңбегін жазды. Потанин есімімен Наньшань тауындағы жота, Моңғол Алтайындағы мұздық аталған.
Уикипедия