Жаңалықтар

Серікбай Бейсембаев. Ғинаят Бекжанов

Бейсембаев Серікбай (27.12.1912, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылы – 20.12.1989, Алматы қаласы) – тарих ғылым докторы (1969), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1975). Білімі Украиндік советтік сауда институтын (1936, ж.Харьков) 1936–1937 ж. әскер қатарында, 1937–1939 ж. Қазақстан БЛКЖО ОК-нің нұсқаушысы болды. 1939–44 ж. Минск, Борисов және Архангельск қ-ларындағы әскери уч-щелерде қызмет етті. СО КП ОК жанындағы Қоғамдық ғылым академиясының аспирантурасын (1951) тәмамдады. Еңбек жолының негізгі кезеңдері Қазтұтынуодағы базасын меңгеруші (1936) Қызыл әскердегі қызметі (1936-37) Қазақстан ЛКЖО ОК –ны насихаттау бойынша нұсқаушы ЛКЖО ОК –ны насихаттаушылар мектебінің директоры, комсомол бөлімшесінің меңгерушісі Қазақстан КП ОК жанындағы начихаттаушылардың жоғары мектебі директорының орынбасары (1937-39) Ұлы Отан соғысындағы қызметі (1941-46) 1946 жылдан бастап Республикалық партия мектебі директорының орынбасары, осы мектептің аға оқытушысы 1952-1955 жылдары СОКП кафедрасының меңгерушісі және С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің проректоры. Қазақстанның КП ОК-ның ғылым және мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1955-57,1960-63) 1957-60 жылдары ҚазССР –ның жоғары және арнаулы орта білім беру министрінің орынбасары (1963-64) Қазақстанның КП ОК жанындағы партия тарихы интитутының директоры (1964-80) 1980 жылдан бастап Қазақстаннның КП ОК ғылыми аға қызметкері ҚазССР-дің Жоғары Одағының депутаты Еңбектері Ғылыми мақалалардың, монографиялардың, оқу құралдарының авторы, көпшілік документалдық материалдардың құрастырушысы және редакторы. Саясат мәселелерін, мемлекеттік құрылыс пен халықтардың достастығына арналған ғылыми еңбектердің негізін қалаушы. Наградалары Еңбек Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы,«Қазан революциясы», Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған. Ғинаят Рахметоллаұлы Бекжанов (7.3.1927 жылы туылған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – геология-минералогия ғылым докторы (1992), профессор (1992), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген барлаушы геологы (1970). Қазақ тау-кен металлургия институтын (1951, қазіргі Қазақ ұлттық техника университеті) бітірген. Қарағайлы геологиялық барлау экспедициясының отряд бастығы, бас геологы (1951–1961), Қазақ геофизика тресінің бас геологы, бас инженер (1961–1973), Қазақ минералдық шикізат ғылыми-зертхана институтының директоры (1973–1997), 1987 жылдан «Казнедра» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры, 1994–1998 жылы «Геология и разведка недр Казахстана» журналының редакторы болды. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстанның геологиясы мен жер қыртысының терең қойнауларын кешенді зерттеуге, металл шикізаты кен орындарының геологиясына, металлогенияға, кен орындарын іздеудің геохимиялық әдістеріне, салалық геология ғылымдарының дамуына арналған. Қазақ КСР-і (1972), КСРО (1984) Мемлекеттік және Қ.И.Сәтбаев атындағы (1991) сыйлықтарының лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Уикипедия
11.08.2013 13:39 5135

Бейсембаев Серікбай (27.12.1912, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылы – 20.12.1989, Алматы қаласы) – тарих ғылым докторы (1969), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1975).

Білімі

  • Украиндік советтік сауда институтын (1936, ж.Харьков)
  • 19361937 ж. әскер қатарында, 19371939 ж. Қазақстан БЛКЖО ОК-нің нұсқаушысы болды.
  • СО КП ОК жанындағы Қоғамдық ғылым академиясының аспирантурасын (1951) тәмамдады.

Еңбек жолының негізгі кезеңдері

  • Қазтұтынуодағы базасын меңгеруші (1936)
  • Қызыл әскердегі қызметі (1936-37)
  • Қазақстан ЛКЖО ОК –ны насихаттау бойынша нұсқаушы
  • ЛКЖО ОК –ны насихаттаушылар мектебінің директоры, комсомол бөлімшесінің меңгерушісі
  • Қазақстан КП ОК жанындағы начихаттаушылардың жоғары мектебі директорының орынбасары (1937-39)
  • Ұлы Отан соғысындағы қызметі (1941-46)
  • 1946 жылдан бастап Республикалық партия мектебі директорының орынбасары, осы мектептің аға оқытушысы
  • 1952-1955 жылдары СОКП кафедрасының меңгерушісі және С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің проректоры.
  • Қазақстанның КП ОК-ның ғылым және мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1955-57,1960-63)
  • 1957-60 жылдары ҚазССР –ның жоғары және арнаулы орта білім беру министрінің орынбасары (1963-64)
  • Қазақстанның КП ОК жанындағы партия тарихы интитутының директоры (1964-80)
  • 1980 жылдан бастап Қазақстаннның КП ОК ғылыми аға қызметкері
  • ҚазССР-дің Жоғары Одағының депутаты

Еңбектері

Ғылыми мақалалардың, монографиялардың, оқу құралдарының авторы, көпшілік документалдық материалдардың құрастырушысы және редакторы. Саясат мәселелерін, мемлекеттік құрылыс пен халықтардың достастығына арналған ғылыми еңбектердің негізін қалаушы.

Наградалары

Еңбек Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы,«Қазан революциясы», Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Ғинаят Рахметоллаұлы Бекжанов (7.3.1927 жылы туылған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – геология-минералогия ғылым докторы (1992), профессор (1992), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген барлаушы геологы (1970). Қазақ тау-кен металлургия институтын (1951, қазіргі Қазақ ұлттық техника университеті) бітірген. Қарағайлы геологиялық барлау экспедициясының отряд бастығы, бас геологы (1951–1961), Қазақ геофизика тресінің бас геологы, бас инженер (19611973), Қазақ минералдық шикізат ғылыми-зертхана институтының директоры (19731997), 1987 жылдан «Казнедра» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры, 1994–1998 жылы «Геология и разведка недр Казахстана» журналының редакторы болды.

Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстанның геологиясы мен жер қыртысының терең қойнауларын кешенді зерттеуге, металл шикізаты кен орындарының геологиясына, металлогенияға, кен орындарын іздеудің геохимиялық әдістеріне, салалық геология ғылымдарының дамуына арналған. Қазақ КСР-і (1972), КСРО (1984) Мемлекеттік және Қ.И.Сәтбаев атындағы (1991) сыйлықтарының лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Уикипедия

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға