Жаңалықтар

Ғазиза Жұбанова

Жұбанова Ғазиза (1927-1993) - сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы. Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, профессор Ю. А.Шапориннің композиция класын бітірген. Жұбанова - өзін ұлағатты ұстаз ретінде танытқан тұлға. Оның шәкірттері - Е.Серкебаев, С.Кабирова, Т.Мұхамеджанов және т. б. Консерватория ректоры ретінде ол ұлттық кадрлар - музыкант-орындаушылар мен музыкатанушылардың қалыптасуына ықпал етті. Олардың бірнешеуі әлемдік атаққа ие болды. Мысалы, А.Мұсаходжаева, Г. Мырзабекова, Г.Қадырбекова, Ж. Әубәкірова, Т.Әбдірашев және тағы басқалар. Жұбанованың ықпалымен музыкалық мектептер құруы, фольклор және композиторлық шығармашылық мәселелері бойынша диссертациялар қорғала бастады. Жұбанова- өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал. Ол - үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болды. Ғ.Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - “Батырлық поэмасы” симфониялық поэмасын, “Жігер” симфониясын, “Еңлік- Кебек”, “Жиырма сегіз” операсын, “Ақ құс туралы аңыз” балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. Олардың барлығын музыкалық ойлау жүйесінің біртұтастығы, нақтылықтан жалпыға біртіндеп көшу, вокальды орындаудан аспапты орындауға ауысу, сезімнің көрнектілігі, тақырыптық материалдың ашықтығы, ұлттық бояу, ауқымдылық, эпикалық кеңдік және музыкалық образдардың қарама - қайшылықты мінездері біріктіреді.. Қысқаша тарихы Мәскеу музыкалық училищесін (1949), Мәскеу консерваториясын (1954), оның аспирантурасын (1957) бітірген. 1958 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) ұстаздық етті; 1975 – 87 жылдары осы консерваторияның ректоры (1978 жылдан профессор), 1962 – 68 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы және КСРО Композиторлар одағы басқармасының хатшысы болды. Жұбанованың шығармашылығына әкесі А.Қ. Жұбанов ықпал етті. Әкесінің аяқталмай қалған “Құрманғазы” радиооперасын қызы аяқтаған (1970). Жұбанованың өзі – “Еңлік – Кебек” (1975), “Жиырма сегіз” (1981) операларының, “Аққұс туралы аңыз” (1966; Қазақстан Мемлекет сыйлығы, 1970), “Хиросима” (1966), “Қарагөз” (1990) балеттерінің, “Жігер”, “Ақсақ құлан” симфония поэмаларының, “Даладағы таң нұры” (1960), “Мұхтар Әуезов туралы аңыз” (1965), “Батырлық поэмасы” (1972) сынды ораториялық шығармалардың, “Адам, адамды аяла”, “Әйелдер аралы”, “Арал шындығы”, “Татьянаның хаты” атты вокальдық-симфониялық шығармалардың, скрипка мен фортепианоға жазылған “Элегия”, “Вариациялар”, “Поэма” прелюдияларының, “Жалғыз емен”, “Боран” атты a’capella хорлардың, инструменталдық пьеса, камералық шығармалар, поэмалар мен квартеттер, фантазия, т.б. көптеген музыкалық шығармалардың авторы. Сондай-ақ ол Қазақ драма театрының репертуарынан берік орын алған “Жалғыз ағаш орман емес” (Ә.Тәжібаев, 1958), “Бөлтірік бөрік астында” (Қ.Мұхамеджанов, 1959), “Замана осылай басталады” (З.Шашкин, 1960), “Құдағи келіпті” (Қ.Мұхамеджанов, 1961), “Абай” (М.Әуезов, 1962), “Ана – Жер-ана” (Ш.Айтматов, 1964), “Қарақыпшақ Қобыланды” (М.Әуезов, 1967) қойылымдарына музыка жазған. “Қорқытпа мені дауылдан” романсы, “Ақ сәуле”, “Толқын жел”, “Сенімді дос – ол да бақыт”, “Көктем вальсі”, “Жыр жазамын жүрегімнен” әндері кең танымал болған. Қазақстан Мемлекет сыйлығы (1970), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1964) лауреаты. Халықтар достығы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Алматы көшелерінің біріне Жұбанованың есімі беріліп, тұрған үйінің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылған. Уикипедия
11.08.2013 09:07 22253

Жұбанова Ғазиза (1927-1993) - сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы. Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, профессор Ю. А.Шапориннің композиция класын бітірген. Жұбанова - өзін ұлағатты ұстаз ретінде танытқан тұлға. Оның шәкірттері - Е.Серкебаев, С.Кабирова, Т.Мұхамеджанов және т. б. Консерватория ректоры ретінде ол ұлттық кадрлар - музыкант-орындаушылар мен музыкатанушылардың қалыптасуына ықпал етті. Олардың бірнешеуі әлемдік атаққа ие болды. Мысалы, А.Мұсаходжаева, Г. Мырзабекова, Г.Қадырбекова, Ж. Әубәкірова, Т.Әбдірашев және тағы басқалар. Жұбанованың ықпалымен музыкалық мектептер құруы, фольклор және композиторлық шығармашылық мәселелері бойынша диссертациялар қорғала бастады. Жұбанова- өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал. Ол - үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болды. Ғ.Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - “Батырлық поэмасы” симфониялық поэмасын, “Жігер” симфониясын, “Еңлік- Кебек”, “Жиырма сегіз” операсын, “Ақ құс туралы аңыз” балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. Олардың барлығын музыкалық ойлау жүйесінің біртұтастығы, нақтылықтан жалпыға біртіндеп көшу, вокальды орындаудан аспапты орындауға ауысу, сезімнің көрнектілігі, тақырыптық материалдың ашықтығы, ұлттық бояу, ауқымдылық, эпикалық кеңдік және музыкалық образдардың қарама - қайшылықты мінездері біріктіреді..

Қысқаша тарихы

Мәскеу музыкалық училищесін (1949), Мәскеу консерваториясын (1954), оның аспирантурасын (1957) бітірген. 1958 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) ұстаздық етті; 1975 – 87 жылдары осы консерваторияның ректоры (1978 жылдан профессор), 1962 – 68 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы және КСРО Композиторлар одағы басқармасының хатшысы болды. Жұбанованың шығармашылығына әкесі А.Қ. Жұбанов ықпал етті. Әкесінің аяқталмай қалған “Құрманғазы” радиооперасын қызы аяқтаған (1970). Жұбанованың өзі – “Еңлік – Кебек” (1975), “Жиырма сегіз” (1981) операларының, “Аққұс туралы аңыз” (1966; Қазақстан Мемлекет сыйлығы, 1970), “Хиросима” (1966), “Қарагөз” (1990) балеттерінің, “Жігер”, “Ақсақ құлан” симфония поэмаларының, “Даладағы таң нұры” (1960), “Мұхтар Әуезов туралы аңыз” (1965), “Батырлық поэмасы” (1972) сынды ораториялық шығармалардың, “Адам, адамды аяла”, “Әйелдер аралы”, “Арал шындығы”, “Татьянаның хаты” атты вокальдық-симфониялық шығармалардың, скрипка мен фортепианоға жазылған “Элегия”, “Вариациялар”, “Поэма” прелюдияларының, “Жалғыз емен”, “Боран” атты a’capella хорлардың, инструменталдық пьеса, камералық шығармалар, поэмалар мен квартеттер, фантазия, т.б. көптеген музыкалық шығармалардың авторы. Сондай-ақ ол Қазақ драма театрының репертуарынан берік орын алған “Жалғыз ағаш орман емес” (Ә.Тәжібаев, 1958), “Бөлтірік бөрік астында” (Қ.Мұхамеджанов, 1959), “Замана осылай басталады” (З.Шашкин, 1960), “Құдағи келіпті” (Қ.Мұхамеджанов, 1961), “Абай” (М.Әуезов, 1962), “Ана – Жер-ана” (Ш.Айтматов, 1964), “Қарақыпшақ Қобыланды” (М.Әуезов, 1967) қойылымдарына музыка жазған. “Қорқытпа мені дауылдан” романсы, “Ақ сәуле”, “Толқын жел”, “Сенімді дос – ол да бақыт”, “Көктем вальсі”, “Жыр жазамын жүрегімнен” әндері кең танымал болған. Қазақстан Мемлекет сыйлығы (1970), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1964) лауреаты. Халықтар достығы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Алматы көшелерінің біріне Жұбанованың есімі беріліп, тұрған үйінің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылған.

Уикипедия

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға