Жаңалықтар

Астанада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жетілдіріледі

Жедел жәрдем бригадаларына, емханалар мен стационарлардың қызметкерлеріне зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуде шұғыл әрекет ету жөнінде тапсырма берілді. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.   Бұдан басқа, ведомство алдағы жарты жылда Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен тұрмысы төмен азаматтар бойынша, Білім басқармасымен жасөспірімдер арасында ерте жүкті болу мен түсік тастаудың алдын алу бойынша кәмелетке толмаған балалар бойынша, ІІД жүкті әйелдер мен балаларға баса назар аудара отырып, көшіп-қонып жүрген халықты уақытша тіркеу бойынша, ЖОО мен ООО ректорларымен студенттердің денсаулықтарының жағдайы бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Денсаулық сақтау басқармасы босанудан кейінгі қамқорлыққа апта сайын мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді, барлық медициналық мекемелер мен салауатты өмір салты бойынша алдын алу жұмыстарын жүйелендіреді. Астана қаласының медицина ұйымдарының өзара іс-қимылдары мәселелері жөніндегі жұмыс отырысында медицина мекемелерінің қызметкерлеріне емханалар мен басқа да медицина мекемелерінің арасындағы өзара іс-әрекет регламентін жетілдіру және нақтылау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Ведомствоның атап өтуінше, медицина қызметкерлеріне шұғыл дағдарыстық жағдайлар туралы хабардар ету бойынша Өңірлік штаб тапсырмаларын айқын орындау міндеттелді. astana.kz
09.08.2013 05:40 3701

Жедел жәрдем бригадаларына, емханалар мен стационарлардың қызметкерлеріне зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуде шұғыл әрекет ету жөнінде тапсырма берілді. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.
 

Бұдан басқа, ведомство алдағы жарты жылда Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен тұрмысы төмен азаматтар бойынша, Білім басқармасымен жасөспірімдер арасында ерте жүкті болу мен түсік тастаудың алдын алу бойынша кәмелетке толмаған балалар бойынша, ІІД жүкті әйелдер мен балаларға баса назар аудара отырып, көшіп-қонып жүрген халықты уақытша тіркеу бойынша, ЖОО мен ООО ректорларымен студенттердің денсаулықтарының жағдайы бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр.

Денсаулық сақтау басқармасы босанудан кейінгі қамқорлыққа апта сайын мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді, барлық медициналық мекемелер мен салауатты өмір салты бойынша алдын алу жұмыстарын жүйелендіреді.

Астана қаласының медицина ұйымдарының өзара іс-қимылдары мәселелері жөніндегі жұмыс отырысында медицина мекемелерінің қызметкерлеріне емханалар мен басқа да медицина мекемелерінің арасындағы өзара іс-әрекет регламентін жетілдіру және нақтылау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Ведомствоның атап өтуінше, медицина қызметкерлеріне шұғыл дағдарыстық жағдайлар туралы хабардар ету бойынша Өңірлік штаб тапсырмаларын айқын орындау міндеттелді.

astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға